28 маусым 2016 10:05

Баян Есентаеваның оқиғасы сөзжұмбақ беттерінде пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook © facebook

Қазақстанда танымал продюсер, тележүргізуші Баян Есентаеваның атышулы оқиғасы туралы сөз жасыратын сөзжұмбақтар сатылымға шықты. Бұл туралы Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.


Қазақстанда танымал продюсер, тележүргізуші Баян Есентаеваның атышулы оқиғасы туралы сөз жасыратын сөзжұмбақтар сатылымға шықты. Бұл туралы Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Бұл сөзжұмбақты жасаған адам өзі не істеп жатқанын ойламаған шығар...", - деп жазды ол газеттің суретіне қатысты. Ал пікір білдірушілер автордың қандай жауапты тұспалдап тұрғанын жорамалдай бастады. Біреуі сұрақтың жауап ретінде "авто" деп жазса, екіншісі "агзс" деп жазыпты.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.

Ал 20 маусымда танымал продюсер Баян Есентаеваның ауруханадан шыққаны хабарланған болатын. "Науқас Баян Есентаева ауруханадан шығарылды. Ендігі емін үй жағдайында қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети