23 мамыр 2019 12:51

Байбек Алматы қонақтарын The Spirit of Tengri фестиваліне шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Еуразиялық медиафорум қатысушыларын осы демалыста қалада өтетін The Spirit of Tengri фестивалін тамашалауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек Еуразиялық медиафорум қатысушыларын осы демалыста қалада өтетін The Spirit of Tengri фестивалін тамашалауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қала өзінің мәдениеті мен қонақжайлығымен танымал екенін атап өтті.

"Жыл сайын Алматыда 50-ден аса халықаралық мәдени және спорттық шаралар, джаз, классикалық және этникалық музыка фестивальдері өткізіледі. Мысалы, осы сенбіде The Spirit of Tengri дәстүрлі этникалық музыка фестивалі өтеді. Осы мерекеге форумның барлық қатысушысын, демалыс күндері қалада қалатын адамдарды музыка тыңдауға шақырғым келеді. Барлығыңызға қонақжайлықты сезініп, қаланың әсем табиғаты мен көрікті жерлерін тамашалап, ұлттық мәдениетіміз туралы көбірек білуді тілеймін", - деді қала басшысы.

Қазақстанда өтіп жатқан жыл сайынғы Еуразиялық медиафорум саясат, экономика, әлеуметтік мәселелер саласындағы халықаралық сарапшыларды, әсіресе БАҚ-ты біріктіреді. Форум алғаш рет 2002 жылы өтті. Қазіргі уақытта шараға 60 елден 600-ден аса делегат қатысады: саясаткерлер, сарапшылар және БАҚ беделді өкілдері.

"Мен әлемнің түкпір - түкпірінен сарапшылар үшін маңызды алаң болған Еуразиялық Медиа Форум одан әрі дамудың негізгі бағыттарын анықтауға, оның ішінде диалог пен өзара ынтымақтастық идеяларын ілгерілету жолымен өзінің маңызды үлесін қосатынына сенімдімін", - деп атап өтті қала әкімі.

Аймақтың ірі мегаполисі бола отырып, Алматы әлемдік деңгейдегі кездесулер мен келіссөздерге арналған халықаралық алаң болып табылады. Соңғы жылдары қалада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мэрлерінің саммиті, 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада жоғары деңгейде өтті. ЭЫДҰ елдерінен тыс жерлерде алғаш рет "Еуразия апталығы"өтті. Екінші рет Еуразиялық экономикалық одақты цифрландыру бойынша (қатысушылар сандық Давос деп атап кеткен) Форум өтті.

Әлемнің 16 елінен 70-тен аса музыканттардың қатысуымен The Spirit of Tengri орасан зор шоуы 25-26 мамырда Республика Сарайының (Абай-Достық) алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы-17.00, кіру тегін. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар жылын мерекелеу аясында өткізіледі.

Заманауи этникалық The Spirit of Tengri 2019 халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан Ethno5 және Ashina тобы, әзірбайжандық Natig Rhythm Group тобы, үндінің The Raghu Dixit Project тобы, тывалық Радик Тюлюш, Svjata Vatra эстон-украин тобы, мажарлардың Kerekes Band тобы, сондай-ақ, мозамбиктің Childo Tomas ұжымы өнер көрсететіні анықталған еді. Сондай-ақ, Өзбекстан, Мали, Нигер Республикасы, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран және АҚШ елдерінен музыканттар келеді деп жоспарланған.

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасыy 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети