05 мамыр 2017 15:29

Белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жанночка умерла", - деп жазды әншінің сіңлісі Гаухар Саттарова Facebook желісінде. 

Еске салайық, белгілі әнші Жанна Саттарованың денсаулығының нашарлағаны жайлы 2014 жылдың қазанында белгілі болған еді. Әртістің сіңлісі Гаухар Саттарова Facebook желісінде көмек сұраған еді. Әртіске химиялық терапияның 12 процедурасы тағайындалған болатын. Науқас оның алтауынан сәтті өткен.

Ақпанда қазақстандық әртістер қайырымдылық акциясын өткізіп, түскен қаражатты Жанна Саттарованың еміне аударған болатын. Сол уақытта ол қатерлі ісіктен Кореяда емделіп жатқан.

Жанна Саттарова - Қазақстанда джаз стилінде ән айтатын әншілердің бірі. Тыңдармандары оның терең әрі сезімге толы даусын, сонымен қатар, әсем келбетін басты ерекшелігі деп біледі. Ол әлемдік хиттерді Қазақстанда ғана емес, шетелде де орындаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети