17 қаңтар 2015 17:53

Бибігүл Төлегенова Түркияда концерт берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР СІМ баспасөз қызметі ©ҚР СІМ баспасөз қызметі

Түрік Ескішехир провинциясында "Қазақ мәдениеті апталығының" ашылуы жүзеге асырылып, оған Ескішехир провинциясының Губернаторы Гүнгөр Әзім Туна, "Түрксой" халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, академиялық топтар, мәдени-гуманитарлық және қоғамдық-саяси орталарының өкілдері, қазақ студенттері мен Түркиядағы диаспорасы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Түркиядағы "Қазақ мәдениетінің апталығы" аясында Ескішехир, Анкара, Болу және Ыстанбұл қалаларының ең үлкен концерттік залдарында Тәттімбет атындағы Қазақ ұлттық аспаптарының академиялық оркестрінің, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің, сонымен қатар КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік жүлдесі мен Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ КСР жүлдесінің иегері, Ленин және Еңбек қызыл ту ордендерінің кавалері, колоратурлық сопраноның иегері Бибігүл Төлегенованың концерттері өткізіліп жатыр.

"Қазақстанның ағартушылық тобы Түркиядағы гастрольдерін түркі әлемінің 2013 жылғы мәдени астанасы болған - Ескішаһар қаласынан бастады. Қазақстанның әйгілі әншісі Бибігүл Төлегенова және Тәттімбет атындағы академиялық оркестрі Анадолы университетінің концерттік залында өз репертуарындағы шығармаларын орындап, түрік тыңдаушысын қайран қалдырды. Тұрып тұрған залдың ду қол шапалағына тап болған Бибігүл Төлегенованың сыңғырлаған дауысы көрермендердің ойында ұзағынан қалмақ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ескішехир провинциясының губернаторы Гүнгөр Әзім Туна Түркияда "Қазақ мәдениеті апталығының" өткізілуінің мәдениет және өнер саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығына үлес қосатынын атап өтті. "Мен Қазақстанның адамзат мәдени-гуманитарлық мұрасына едәүір үлес қосып жатқанына куә болдым", - деп мәлімдеді ол. Өз сөзінде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Ескішехир провинциясының губернаторына қазақ шығармашылық тобына жылы ықылас білдіргені үшін ризашылығын білдірді. Мұнымен қатар, түрік аудиториясының Қазақстан мәдениет шеберлерінің шығармашылығын жоғары бағалағаны хабарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети