15 желтоқсан 2014 20:09

Бибігүл Төлегеноваға жерлестері автокөлік сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО Ақпараттық орталығы ©ШҚО Ақпараттық орталығы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен тұспа-тұс келген Бибігүл Төлегенованың туған күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі әйгілі әншіге автокөлік кілтін табыс етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен тұспа-тұс келген Бибігүл Төлегенованың туған күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі әйгілі әншіге автокөлік кілтін табыс етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. 

КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек ері, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова биыл 85 жасқа толып отыр. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне дәл келген туған күні қарсаңында халық әртісі Шығыс Қазақстанға келді. Аймақ басшысы туған күн иесін шығысқазақстандықтардың атынан құттықтады", - делінген хабарламада. 

Мерекелік жиында жезтаңдай әншіні өңір халқының атынан құттықтаған Даниал Ахметов Бибігүл Төлегеноваға автокөліктің кілтін табыстады.

Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей өңірінде дүниеге келген. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастаған. Сол кезде Семей өңірінде тұрған кеңес жазушысы Галина Серебрякова әншіге дәріс береді, Бибігүлдің өнер жолын таңдауына бағыт сілтеген де сол. Төлегенова Алматыдағы қазақ консерваториясының вокал-хор факультетіне түсіп, оны 1954 жылы аяқтайды. Ол содан бері Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында тынымсыз еңбек етті. 

Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсы партиясын кемеліне келтірген атақты әнші халық әндерімен бірге әлем композиторлары шығармаларын, әйгілі опералардың арияларын орындаудың өзіндік үлгісін дәстүр ретінде қалыптастырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети