01 мамыр 2016 09:57

Бойы 98 сантиметр болатын 14 жастағы бала "Голос. Дети" шоуының жеңімпазы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бойы 98 сантиметр болатын 14 жастағы Данил Плужников "Голос. Дети" шоуының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды ;Tengrinews.kz тілшісі.


Бойы 98 сантиметр болатын 14 жастағы Данил Плужников "Голос. Дети" шоуының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды ;Tengrinews.kz тілшісі.

Сочиден келген бала конкурстың финалында ресейлік "Кипелов" тобының "Я свободен" әнін орындады. Дима Биланның шәкірті болған Данил көрермендердің 61,7 пайыз дауысын жинады.

14 жастағы Данил туғанынан бері ауыр дертке шалдыққан, сондықтан да оның бойы 98 сантиметрден артық өспейді. Әр қадамын қиындықпен басатын ол осыған дейін бірнеше операция жасатқан. Анасының айтуынша, Данил спондилоэпифизарлық дисплазияға шалдыққан.

Плужников - ресейлік және халықаралық бірнеше конкурстың лауреаты. Ол синтезаторда ойнайды, би билегенді ұнатады. "Бойымның аласалығы маған кедергі емес", - дейді ол.

Айта кетейік, шоудың финалында бірінші орынға Таисия Подгорная мен Раяна Асланбекова да таласқан болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети