28 наурыз 2019 09:26

"Бұл ақшаны маған табу қиын емес" - Гауһар Әлімбекова апелляциялық сотта не деді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Белгілі әнші-сазгер Гауһар Әлімбекованың жазасы жеңілдеп, жазасы алты жылға бас бостандығынан айырудан 3 жылға шектеуге ауысуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.


Белгілі әнші-сазгер Гауһар Әлімбекованың жазасы жеңілдеп, жазасы алты жылға бас бостандығынан айырудан 3 жылға шектеуге ауысуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алаяқтық бабы бойынша 6 жылға сотталған әншіге қатысты апелляциялық сот отырысында прокурор осындай жаза сұрады. Алайда сот залында ағынан ақтарылған өнер адамы ешкімнің ала жібін аттамағанын, тіпті сотқа сүйреген 3 жыл ішінде шығармашылық тоқырауға түскенін айтады.

"Бұл ақшаны маған табу қиын емес. Екі концерт бола ма, үш концерт бола ма, концертті жасап, сол ақшаны құятын едім, егер кінәлі болсам. Сол үшін 3 жылдан бері шығармашылығым тоқырап, менің де денсаулығыма нұқсан келді. Ақшаны алған жоқпын. Ұлы екеуі келісіп алып солай жала жауып отыр маған", - дейді Гауһар Әлімбекова.

Еске салайық, алаяқтық жасады деп айыпталған әнші қаңтар айында сотталған еді. Жәбірленуші Бақыт Назарованың айтуынша, бірнеше жыл бұрын жақын құрбысы болған эстрада өкілі тұрғын үй кешенінен баспана алып беремін деп, одан 40 мың доллар алыпты. Алты жылдан бері үй тұрмақ ақшасын қайтара алмаған ол соңында сотқа жүгінеді. Ал бүгін Алматыда үкім күшіне енгенше қолхатпен бостандыққа шыққан Гауһардың апелляциялық шағымы қаралды. Сотталушының адвокаттары Әлімбекованың өзі де алданғанын алға тартып, оны ақтауды сұрап отыр.

Келесі сот отырысы сәуірдің 2-сінде өтеді. Бірақ қалтамнан санап берген қаржыны қайтармайынша алған бетімнен қайтпаймын деген Назарова әділдік іздеп жүргенін айтады.

"Менің берген ақшамның кірген ізі бар, шыққан ізі жоқ. Сондықтан Әлімбекова өзінің 38 мың долларын менің 40 мың долларыммен орнынан түсіріп алды да, толық алаяқтық жасады деген уәж айтып отырмыз", - дейді арызданушы Бақыт Назарова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети