1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

"Бұл - кісі өлтіру": Кобзонның қарындасы мәлімдеме жасады

© РИА Новости © РИА Новости

Иосиф Кобзонның қарындасы Гелена Мемдуманың 80 жастағы депутаты, КСРО Халық әртісінің комаға түскені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады RT.

Бұған дейін Кобзонның жағдайы нашарлап, комаға түскені туралы хабар БАҚ-та тараған болатын.

"Иосиф Давыдовичтің жағдайы жақсы, Нелли Михайловнамен және медбикемен бірге кофе ішіп отыр. Оны және біздің туыстарымызды қалайша былай мазақ етуге болады? Мен қазір барлық туысымызға қоңырау шалып шықтым, себебі барлығы есінен танып жатыр", - деді ол.

Геленаның айтуынша, оның ағасы қазір жоспарлы ем алып жатыр. "Ол кісі жоспарлы ем алып жатыр. Оның дертіне байланысты бұл ем жасалуы керек… Жеке кеңістігінің болуына оның да қақы бар. Оның шығармашылығы туралы жазуға болады, бірақ денсаулығына тиісу - әдепсіздік. Бұл тіпті уайымдау да емес. Бұл - кісі өлтіру. Ол Интернетті қолданатын болса ше?", - деді ол.