15 желтоқсан 2015 17:00

Біздің қоғамды бөлгісі келетіндерге

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғамда бөлінушілік мәселесі белең алып барады. Жұрт жер-жерге, ру-руға, жүз-жүзге бөлініп, өзі аз халық ыдырап жүр. Осы өзекті мәселе өзегін өртеген өнерлі жастар елге бірігейік деген ой тастау, жігерін жану, рухын көтеру мақсатында "Біргеміз" атты ән жазып, оған бейнебаян түсірді.


Қоғамда бөлінушілік мәселесі белең алып барады. Жұрт жер-жерге, ру-руға, жүз-жүзге бөлініп, өзі аз халық ыдырап жүр. Осы өзекті мәселе өзегін өртеген өнерлі жастар елге бірігейік деген ой тастау, жігерін жану, рухын көтеру мақсатында "Біргеміз" атты ән жазып, оған бейнебаян түсірді.

Авторлардың айтуынша, "Біргеміз" әні - ел ішіне іріткі салатындарға наразылық. "Бұл - қазақ халқына тасталған үндеу. Біз біргеміз,сондықтан да іргеміз әркез берік екенін бүкіл әлемге жар саламыз!", - дейді олар. Әннің сөзін жазған Жасұлан Исакаев Massaget.kz сайтының тілшісі. "Еліміз егемендік алғаннан кейін бірден аяқтан тұрып кетпегені белгілі. Қиын-қыстау күндерді басынан өткерді. Замана желі қанша заулай соққанмен, ел іргесін құлатаалған жоқ. Ел іргесі татулық пен бірліктің арқасында берік болды. Бұл ән - сол бір күндерді еске салады. Сол қиын шақтың барлығын ынтымақ пен бірліктің арқасында жеңіп шықтық. Лайым, татулығымыз берік, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!", - дейді Жасұлан.

Ал туындының әнін жазған Әлібек Әлмадиев - елімізде "Хочу к Меладзе" телешоуының финалисі ретінде танылған жас дарын. Әнді Жұлдыз радиосында "Сәлем саған, туған ел", СТВ арнасында "Өмір тынысы" сынды бағдарламалардың жүргізушісі,"Алдаспан" тобының солисі Шамшаддин Омаров пен Әлібек Әлмәдиев орындады.

Клип сюжеті бойынша, ауыл мен қалада өскен қазақ балаларының өмірі мен тұрмыстық айырмашылықтары көрсетіледі. Алайда, айтпақ ой - бірлікте. Бір қызығы, Шамшаддин Омаров - ауылдың баласы да, Әлібек Әлмадиев - қаланың тумасы. Олардың балалық шағындағы сәттерді ауылдық және қалалық балалар сомдайды.
Ал клип режиссері Ернар Алмабек (Massaget.kz порталының тілішісі) бейнебаянның қайда түсірілгенін баяндады. "Бейнебаянды екі күнде түсіріп болдық. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласының маңындағы Нұра ауылында өтті. Қала баласының образын 7 жастағы Бекжан есімді бала, ал ауыл баласының ролін 8 жастағы Абзал сомдады", - деді Ернар Алмабек. 

Айтпақшы, бұл бейнебаянға қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсенбаев та пікір білдіріп үлгеріпті. Кәсіпкердің айтуынша, бұл бейнебаян ұлтты бөліп-жарғысы келетіндерге үндеу болып шыққан. Оның ойы бейнебаян авторларымен бір жерден шықты."Әр заманның өз қиын кезеңдері болады. Қиын-қыстау күндер туғанда оны халық дереу сезеді, осындай уақытта жаңа әндер мен жаңа қаһармандар пайда болады. 90-жылдардағы Кеңес Одағының құлағанын білетіндер түсінеді. Бұл күйреу заманы еді, қиын замандар келді, десе де, дәл сол уақытта елдің үміті мен бостандығы пайда болды. Виктор Цойдың, Тальковтың әндері, жаңа есімдер – барлығы да жаңа. Қазірде де бір өзгеріс болатын сияқты, бір жаңалық болатындай көрінеді. Бұрынғыдай өмір сүре беруге болмайды. Тіпті уақыттың өзі бізге әлдене айтқысы келгендей, дағдарыс туғызып жатыр, біз басқаша ойлап, өзгеруімізді талап ететіндей", - деді ол.

Сонымен қатар, Сейсенбаевтың айтуынша бұл ән дәл қазір біздің заманымыздың әнұранына айналуы тиіс. "Әлемде зұлымдықтың, мейірімсіздік пен рахымсыздықтың белең алған тұсында, ұлттық ерекшеліктеріміз бойынша, нағыз қазақ пен шала қазақ деп, ауылдық немесе қалалық деп бөлу жүріп жатқан кезде біз бірге болуымыз керек! Бұл ән сол жайлы. Меніңше, бұл ән біздің заманымыздың әнұранына айналуы тиіс. Дәл қазір бізге осы қажет деп сенемін!", - деді ол.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети