09 ақпан 2019 12:06

Данэлия Төлешова The World’s best байқауында қашан өнер көрсетеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Бүкіләлемдік The World’s best таланттар шоуында қазылар алқасының мүшесі Гауһар Нұртас байқауда Данэлия Төлешованың өнер көрсетуі эфирге қашан шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүкіләлемдік The World’s best таланттар шоуында қазылар алқасының мүшесі Гауһар Нұртас байқауда Данэлия Төлешованың өнер көрсетуі эфирге қашан шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинопродюсер Гауһар Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында шағын видеолар жариялады. Қазақстандық жас өнерпаз 13 ақпанда (жергілікті уақыт бойынша) ән салады. Қазақстанда оның өнерін 14 ақпанда таңғы уақытта көруге болады. 

Осыған дейін, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та осы байқаудың судьяларын өзінің таңғажайып диапазонымен таңғалдырды.

Әнші сахнаға шығар алдында көрермендер үшін Димаш жайлы арнайы видеоролик түсірілді. Онда әнші өзі жайлы айтады. Видеоның соңында қазақстандық әншіні The Six-Octave Man деп сипаттайды, аударғанда "алты октава адам" дегенді білдіреді.

"Алғаш рет сахнаға шыққанда екі жаста едім. Міне, кәсіби музыкалық білім алып жатқаныма 20 жылдан асты. Осыған дейін екі миллиард адамның алдында өнер көрсеттім. Ал бұл бүкіл әлемді жаулаған АҚШ-тағы алғашқы жобам", - деді Димаш Құдайберген.

Әнші Қытайдағы I'm A Singer байқауында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған болатын. Байқауда үш судья төрелік етті - әнші Фэйт Хилл, актриса Дрю Бэрримор мен актер Ру Пол - олар Димашқа 50 ұпайдан берді, бұл ең жоғарғы баға. Өнер әлеміндегі 50 тәжірибелі адамнан құралған "Стена мира" әншіге 48 ұпай берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от fan page (@dimash_support)

"Көзімді жұмып тұрғанда, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Бір адамның өзі мұны қалай орындап шықты", - деді актриса Бэрримор.

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің The World's Best шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланған еді.

"Димаш пен Данэлияны қолдау үшін". Гауһар Нұртас америкалық шоудың сарапшысы болды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети