18 желтоқсан 2019 09:18

Данэлия Төлешова жаңа бейнебаянын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстадық әнші Данэлия Төлешова Don’t Cha әніне түсірілген бейнебаянын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстадық әнші Данэлия Төлешова Don’t Cha әніне түсірілген бейнебаянын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әншінің PR-директор Татьяна Синенконың айтуынша, бейнебаян түсірілімі қазанда "Қазақфильм" киностудиясында басталып, қарашаның соңында аяқталған. Алайда Төлешова мен режиссерлік топ шығаруға асықпаған. 

"Біз графиктен сәл шығып кеттік және жоспардан кеш тұсаукесер жасап жатырмыз. Түсірілім тобын сәтті таңдадық, олар өз ісінің нағыз шебері. Олар барлығын жіті қадағалады, жарық, дыбыс, түс коррекциясын реттеді. Нәтижеге көңілім толды, көрермендерге де бейнебаян ұнайды деп ойлаймын", - деді Данэлия. 

Сюжетте Данэлия есею кезеңіне өтіп жатыр, әрбір жасөспірім секілді ол неше түрлі эмоция мен таңдауға жолығып, өз жолын таңдайды. Бейнебаян продюсері Нұрсұлу Сұлтанова, ал режиссері - Марат Своик. 

Don’t Cha - жас әншінің авторлық дебюті. Әннің сөзі арнайы Данэлияға жазылған. "Әннің шығуына қатты қатысқым келді, сондай-ақ әннің авторлары - украиналық ақын Юлия Кабанова мен композитор Еркехан Абдоллаевқа алғыс білдіремін", - дейді жас әнші. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети