14 ақпан 2019 09:10

Данэлия Төлешова The World's Вest шоуында өнер көрсетті - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың The World's Вest шоуында көрсеткен өнерінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Желіде қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың The World's Вest шоуында көрсеткен өнерінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан атынан шыққан ол Andra Day деген әншінің Rise up әнін орындады. Бұл әнді ол Украинадағы таланттар шоуында шырқаған. Ән салғаннан кейін қазылар алқасы Данэлияны "вокал ғажайыбы" деп атады.

"Мен 10 жасымда "Голос.Украина" шоуына қатысып, жеңімпаз атандым. Бұған дейін мен гимнастикамен айналыстым, бірақ сәтсіз құлағаннан кейін мен билей алмадым", - деді Данэлия.

Ол The World’s Вest қазылар алқасының мүшелерімен кездесуді армандаған: Фэйс Хилл, Дрю Бэрримор, Ру Пол және Джеймс Корденмен. Ол өз арманы орындалғанын айтты.

The World’s Вest сахнасына шығар алдында аяғым дірілдеді. Бірақ ән айта бастағанымда бірден басылды. Сахнада мен өзімді әрдайым бақытты сезінемін", - деді Төлешова.

12 жастағы әнші болашақта альбом жазуды жоспарлап отырғанын айтты. Данэлияның айтуынша, ол iamdaneliya.com ресми сайтта сатып алуға болатын киім желісін іске қосқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети