03 ақпан 2019 12:16

Децлдың неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/russianrastamafia © vk.com/russianrastamafia

Децл лақапатымен танымал болған рэпер Кирилл Толмацкийдің неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Децл лақапатымен танымал болған рэпер Кирилл Толмацкийдің неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Концерттік директоры Павел Беленец әлеуметтік желідегі Децлдың ресми тобында музыканттың қайтыс болғанын растады. 

"Амал не, бұл рас... Жүрегі тоқтап қалды", - деп жазды Беленец. 

Осыған дейін орындаушының әкесі Александр Толмацкий Facebook желісінде қайғылы жағдай туралы жазған еді.

Кирилл Толмацкий 1983 жылы 22 шілдеде Мәскеуде дүниеге келген. Бірінші рет ол Ресей астанасында өткен Adidas StreetBall Challenge фестивалінің сахнасында өнер көрсетті. Осылайша ол танымал бола түсті. 2000 жылдары рэпер "Кто ты?" альбомын миллион тиражбен шығарды. Оның "Слезы", "Вечеринка", "Кровь моя, кровь" композициялары ел арасында кеңінен таралды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети