25 қараша 2015 13:02

Дильназ Ахмадиева ажырасқалы жатқанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дильназ Ахмадиева жолдасы Ахмадпен. Сурет әлеуметтік желіден алынған Дильназ Ахмадиева жолдасы Ахмадпен. Сурет әлеуметтік желіден алынған

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева бизнесмен жолдасы Ахмадпен ажырасқалы жатыр, бұл жөнінде әншінің өзі GAKKU телеарнасына берген сұхбатында айтты. Мұндай мәлімдемені ол "Көз алдымда" атты жаңа әнжинағының таныстырылымы кезінде жасады.


Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева бизнесмен жолдасы Ахмадпен ажырасқалы жатыр, бұл жөнінде әншінің өзі GAKKU телеарнасына берген сұхбатында айтты. Мұндай мәлімдемені ол "Көз алдымда" атты жаңа әнжинағының таныстырылымы кезінде жасады.

Әнші қазіргі таңда басынан ауыр кезеңді өткеріп жатқанын мойындады. "Адамдардың менің артымнан өсек айтып, жаңа кавалерлерді ойдан шығармаулары үшін өз аузымнан естігендерін қалаймын. Біз Ахмад екеуміз ажырасып жатырмыз, қазір тек құжаттар қалды. Біз бір-бірімізді түсінуден қалдық. Шын мәнінде, бұл өте қайғылы және қазіргі кезде өмірімнің күрделі кезеңін басымнан кешіп жатырмын", - деді Ахмадиева. Сонымен қатар, ол жеке өміріндегі проблемалардың шығармашылығына еш әсер етпейтінін айтты. "Менде бәрі дұрыс, өмір сүруді, шығармашылықты жалғастырып жатырмын. Шығармашылығымда бұрынғыдай бәрі де сәтті бола береді деп үміттенемін. Уайымдамаңыздар, барлығы да жақсы болады", - деді Дильназ.

Айта кетейік, Дильназ бен Ахмад 2011 жылы 17 қыркүйекте үйленді. Үйлену тойы Астанадағы мейрамханалардың бірінде ең жақын достары мен туыстарының ортасында өтті. Ол кезде әнші Ахмадпен әуежайда танысқанын айтты, ол кезде ортақ таныстары Дильназды күтіп алуды өтінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети