08 ақпан 2017 21:24

Димаш Құдайберген америкалық The Voice байқауына қатысудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген. © instagram.com/kudaibergenov.dimash Димаш Құдайберген. © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The Voice байқауына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов мәлімдеді.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The Voice байқауына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов мәлімдеді.

Ал осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Димаш Құдайбергеннің америкалық The Voice және Евровидение байқауларына қатысатыны жайлы хабар таратқан болатын. Шаримовтың айтуынша, бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды. Әншінің шетелдік конкурстарға қатысу-қатыспауы туралы 2016 жылдың қаңтарында айтылған.

"БАҚ-тар ескі ақпаратты таратып жатыр. Димаш қазір үшінші курста оқиды. Айтылып жүргендей, екінші курста емес. American Voice шоуынан шақырту келгенін растай аламын, бірақ Димаш оған қатыспайды, себебі оның деңгейі I Am a Singer байқауынан төмен. Ал Евровидениеге келсек, неге қатыспасқа? Бірақ Қазақстан Евровидение байқауына қатысуы үшін еуроодақ телеарналары құрамына кіруі керек. Ал егер мүмкіндік болса, Қазақстанды неге танытпасқа", - деп пікір білдірді әншінің өкілі.

Мұның алдында "Хабар" телеарнасы Еуропалық таратылым одағына кірген болатын, бірақ оның толыққұқылы мүшесі емес. Ал толыққұқылы мүшелеріне "Евровидение" халықаралық байқауына қатысу және оны тікелей эфирде көрсету құқығы беріледі. Телеарна өкілдері таяу арада Қазақстанның Евровидениеге қатысуы мәселесін қарастыратынын мәлімдеген.

Айта кетейік, әнші қазіргі уақытта I Am a Singer шоуына қатысып жатыр. Димаш Құдайберген төртінші кезеңге өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети