14 ақпан 2019 09:15

Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен суреттер жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал әншісі Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен суреттер жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық танымал әншісі Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен суреттер жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Instagram желісінде әнші "Любовь уставших лебедей" әніне түсіріліп жатқан бейнебаяннан бірнеше кадр жариялады.

Айта кетейік, "Любовь уставших лебедей" әнінің авторы - композитор Игорь Крутой. Ол қазақстандық әншінің Ресейде жетістікке жететінін болжаған. Димаш Құдайберген композитормен бірге бірнеше рет ән шырқаған. Бұл әнді бірінші болып канадалық әнші Лара Фабиан айтқан.

"Игорь Крутойдың шақыруын қуанышпен қарсы аламын, бұл мен үшін құрмет. Сіздер "Песня года" концертін ауқымды екенін білесіздер, ол Олимпийскийде өтеді. Оған қоса Игорь Крутойдың сүйемелдеуінде ән шырқау деген... Мен ол концертке қатысуды ұйғардым", - деді Димаш Құдайберген.

Қазіргі уақытта әнші The World's Best шоуында ( CBS телеарнасында өтетін байқау) төрешілерді ән шырқауымен таңғалдырған. Әнші 100-ден 98 ұпай жинады. Наурызда әнші Кремльде концерт өткізеді. Ал жазда ол Астана қаласының тұрғындарының алдында ән шырқайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети