16 қараша 2018 19:25

Димаш Құдайберген Лондондағы концерттен түскен қаражатты Данэлия Төлешоваға береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/tuleshova_daneliya/ © instagram.com/tuleshova_daneliya/

Димаш Құдайберген Лондондағы концертінен түскен қаражатты Данэлия Төлешоваға береді. Бұл қаражат жас әншінің "Балалар Евровидениесі -2018 байқауына қатысуға жұмсалатын шығындарды өтейтін болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Лондондағы концерттің билет сатылымынан түскен қаражат ұйымдастырушылардың шығынан әлде қайда асып түседі екен. 

"Қалған қаражат жас таланттарды қолдауға арналған арнайы қорға аударылады. Димашқа бұл үшін үлкен алғыс білдіреміз. Көп жағдайда коммерциялық ұстаным басым болады, көбіне билет сатылымынан түскен қаражаттың жартысын орындаушылар өздері алады. Димаш болса қаражаттың барлығы осы қорға аударылуын қалап отыр. Бұл қордан біз Данэлия Төлешоваға көмектесеміз. Ол "Балалар Евровидениесінде" өнер көрсетеді және байқауа қатысу үшін бірінші шығындарды өтейтін боламыз", - деді Мұхамедиұлы Димашпен кездесу кезінде. 

Сондай-ақ, ол осы арнайы қордың жас таланттарды қолдауға атсалысатынын мәлімдеді. 

Денис Тен қарапайым әрі ашық адам еді - Димаш Құдайберген

Мұның алдында Лондонда 19 қарашада Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтетіні жайлы хабарланған болатын. Сатылған билеттерден түскен барлық қаражат Қазақстанның дарынды жастарын халықаралық беделді байқаулар мен концерттерге қатыстыруға қолдау көрсету үшін жұмсалады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети