01 маусым 2017 19:37

Димаш Құдайберген сияқты әншілер шетелге шығу керек - Айқын Төлепберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айқын Төлепберген Айқын Төлепберген

Әнші Айқын Төлепберген Димаш Құдайбергенге қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, Димаш Құдайберген сияқты әншілер шетелге шығу керек.


Әнші Айқын Төлепберген Димаш Құдайбергенге қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, Димаш Құдайберген сияқты әншілер шетелге шығу керек.

"Менің ойымша, біз, біріншіден, өз тілімізді дамыту керекпіз. Мысалы, Ресейге бару үшін сен орысша ән айту керексің, түрің де орысқа ұқсауы керек. Біз сияқты қазақтың түрімен Ресейді бағындыру өте қиын. Димаштың Қытайда конкурстан өткені оның түрі қытайлыққа ұқсайды, мүмкін содан және оның өзінің конкурстық даусы бар. Иә, осылай елді бағындыруға болады", - дейді Айқын.

Сондай-ақ, Айқын әншілердің барлығы ағылшын тілінде немесе орыс тілінде ән айтып кетсе, қазақша ән орындайтындардың қалмай қалатынын айтты.

"Мысалы, Димаш сияқты әншілерге шетелге шығу керек. Димашқа ағылшынша бір ән жазу керек, қытайша бір ән жазу керек, орысша бір ән жазу керек деп ойлаймын. Мен өзім мысалы бұрында орыс тілінде әндер жаздым, ресейліктер де тыңдады. Бірақ бәрібір сен ол жерде танымал бола алмайсың. Бір рет "ааа, күшті екен" дейді да болды қояды", - дейді әнші.

Сонымен қатар ол қазақстандық әншілердің шетелге неге шыққысы келмейтінін айтып өтті. Әншінің айтуынша, ол үшін әнші міндетті түрде қазақ тілінде емес, басқа тілде ән айту керек. "Ол үшін басқа тілде ән айту керек. Орыстың жұлдызы болу үшін сен Мәскеуге көшу керексің, сол жақта жүріп ақша да салу керексің. Егер дүние жүзінде таныламын десең, мысалы, Нью-Йоркке, Лос Анджелеске барып немесе Лондонға барып тұруың керек. Қазақстанда тұрып, Интернет арқылы мүмкін бір рет танылатын шығарсың", - деді Айқын Төлепберген.

Сондай-ақ, Айқын Димаш туралы тек жақсы пікірде екенін айтты. 

"Димашты әнші ретінде барлығы таниды. Енді оған хит керек. Мысалы, Димаш Құдайберген десең, бәрі біледі, бірақ оның "қандай әндерің білесіздер?" дегенде олар тоқтап қалады. Репертуарды дамыту керек", - деп қорытты сөзін әнші Айқын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети