Димаш Құдайберген ұстаздарына алғыс айтты

29 Мамыр, 13:34
0
Димаш Құдайберген ұстаздарына алғыс айтты - © instagram.com/kudaibergenov.dimash
© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ұстаздарына алғыс айтты, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, кеше Ақтөбенің 150 жылдығында қала тұрғындарына ерекше сый жасалды. Ақтөбе өңірінен шыққан эстрада жұлдыздары тегін концерт берді. Ал кештің соңында аты әлемге танымал Димаш Құдайберген ақтөбеліктерді мерейтоймен құттықтап, өз сырын бөлісті.

"Бір кішігірім сыр шерткім келіп тұр. Осы мерекенің куәсі болайын, үй ішімен көрісейін деп Ақтөбеге бірер күн бұрын келдім. Шын жүректен өз ұстаздарыма алғыс айтқым келіп тұр. Марат Олжабайұлына, Дина Ниязова апайыма, домбыра шертуді үйреткен Асылхан ағамызға көп рақмет! Осы өнерге, өмірге үйреткен ұстаздарымыз аман болсын! Сіздердің көз алдарыңызда өсіп келе жатырмын. Сәті түссе, алдағы уақытта сіздерге үлкен жеке концертімді бергім келеді", - деді Димаш жиналған ақтөбеліктердің алдында.

Тұрғындар әншінің бұл сөзін қол шапалақтап, зор қошеметпен қарсы қалды. Содан кейін Димаш сахнадан түсіп, ақтөбеліктердің қолын алып, әркіммен жеке амандасуға тырысты. Ал тұрғындар Димашпен суретке түсіп қалуға ұмтылды.

"Рух беріп, жаныңды емдейтін әнші". Димаш Құдайберген 25 жаста

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай