06 желтоқсан 2019 09:16

Димаш Құдайберген "Виктория" жүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dimashnews.com Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Виктория" музыка жүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Виктория" музыка жүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Жеңімпаздардың есімі 5 желтоқсанда Мәскеуде Кремль сарайындағы салтанатты шарада айтылды. Димаш "Жыл ашылуы" номинациясында жеңімпаз атанды. 

Сонымен қатар, Құдайберген Olimpico әнімен "Классикалық музыкада жыл вокалисі" номинациясында үздік болды. Бұл номинацияда Димаш ресейлік әншілер Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герцмава, Анна Нетребко мен Ольга Перетятконы артта қалдырды. 


Фото: dimashnews.com

"Виктория" - Ресейде жылдың үздігін кәсіпқойлар - музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер таңдайтын алғашқы және жалғыз жүлде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети