Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауының келесі кезеңіндегі суреттері пайда болды

08 Ақпан 2017, 15:08
1
Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауының келесі кезеңіндегі суреттері пайда болды - Димаш Құдайберген © instagram.com
Димаш Құдайберген © instagram.com
Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауының келесі кезеңіндегі суреттері пайда болды - Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген I am Singer жобасындағы төртінші кезеңде өнер көрсеткен сәті түсірілген суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл суретін әнші Instagram желісінде жариялады.

"Келесі кезеңде танымал əнші Джеки Чун Хок-Яудың репертуарынан қытай тіліндегі "Қоңыр күз" əнін орындаймын! Қабыл алыңыздар!", - деп жазды әнші. Айта кетейік, Hunan TV арнасында төртінші кезең сенбі күні көрсетіледі.

Бұған дейін Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанмен кездескен болатын. Кейін кездесудің жаңа суреттері пайда болды. 

Еске салайық, Димаш Құдайберген үшінші кезеңде аты аңызға айналған Queen тобының The Show Must Go On әнін орындаған еді. Ал екінші кезеңде Құдайберген есейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай