03 шілде 2019 10:59

Димаш Құдайбергеннің Еуропа мен Азиядан келетін фанаттары Ақтөбеде бас қосады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің Еуропа мен Азиядан келетін фанаттары Ақтөбеде бас қосады. Фанаттар әншінің музыкалық колледжіне барып, мектебін аралайды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".


Димаш Құдайбергеннің Еуропа мен Азиядан келетін фанаттары Ақтөбеде бас қосады. Фанаттар әншінің музыкалық колледжіне барып, мектебін аралайды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

Ұйымдастырушы Мейрамгүл Балғожинаның айтуынша, әншінің Еуропа мен Азиядан келген фанаттары Ақтөбені екі күн бойы аралайды. Малайзиядан төрт адам бар.

Оның біреуі арбада отыратын жасөспірім. Қонақтар алдымен «Ардағым» шаруа қожалығына барып, тынығады. Кейін тарихи-өлкетану музейіне, қаланың орталығындағы шіркеу мен мешітке кіріп, №32 мектеп-гимназиясының музейін, әнші білім алған сыныпты қарайды.

"Ұлыбритания, АҚШ, Франция елдерінен келетін фанаттары да бар. Бұл турмаршрутта олар Димаштың ұстазы Марат Әйтімовпен кездесіп, одан музыкалық сабақ алады, колледж студенттері дайындаған концертті тамашалайды. Әрі Ақтөбенің тарихы, бүгінімен жан-жақты таныстырамыз", - деді Мейрамгүл Балғожина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети