ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2019 | 14:47
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты
Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn't Leave ("Кете алмаймын") атты әні жарық көрді, ол Қытай телехикаясының саундтрегі екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn't Leave ("Кете алмаймын") атты әні жарық көрді, ол Қытай телехикаясының саундтрегі екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа әннің бейнебаянын Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Қытай телехикаясына саундтрегім түсірілді. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін", - деп жазған ол видео түсініктемесіне.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
My Chinese TV series soundtrack has recently been released. I hope you enjoyed it)
Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 3 Авг 2019 в 6:18 PDT
Жас әншінің жанкүйерлері бейнебаяннан таңданысын жасырмай, көптеген пікір қалдырып жатыр.
"Өте əдемі орындау!!!", - деп жазған iskulovna_rr аккаунтының иесі.
"Димаш бауырым, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді, еліңді ұмытпа. Жарайсың, талант иесісің", - деген Досжан (doszhanabdu) есімді қолданушы.
"Не деген еңбекқор қазағым, тіл-көзден аман болсаң екен!", - деген Жазира (zhasira_84_astana) есімді қазақстандық.
Показать комментарии
Читайте также