Димаш Құдайбергеннің өкілі айтылып жатқан сындарға жауап берді

03 Наурыз 2017, 17:43
0
Димаш Құдайбергеннің өкілі айтылып жатқан сындарға жауап берді - © Instagram
© Instagram

Димаш Құдайбергеннің өкілі Алпамыс Шаримов айтылып жатқан сындарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Алпамыс Шаримов жазбасында осы аптаға арналған жарнама роликті жариялай отырып, #IAmSinger жобасы туралы кейбір ақпараттарды түсіндіріп өтті.

"1.Осы аптада 7 эфир көрсетілімге шығады. Димаш қазақ әні "Дайдидауды" шырқайды. Димашқа өзімен бірге оқитын Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студент достары көмектесетін болады. 2. Ең алғашқы эфирден бері қарай 3 әнші ғана қалды. Димашпен бірге Сэнди Лэм және "Лион" тобы. 3. Қалған әншілер одан кейін келіп қосылған әншілер. Бірақ, барлығынын жеңіске деген мүмкіндігі бірдей. Жобаның аты "Мен әншімін" деп аталады. Яғни, әнші болсаң, ортадан келіп қосылған әншілерге қарсы тұра білуін керек, сылтау іздемеу керек, әділетсіздікті көрмеу керек. Тағы да айтамын, бұл "Битва Титанов"! 4. Бәз біреулер, бұл әшейін бір облыстық арнаның бағдарламасы. Белгісіз бір бағдарлама деп, әлі күнге дейін бөксіп жүр!", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, әншінің өкілі рейтингі ең төмені 28,8 пайыз алатын "The Singer" жобасының Қытайдағы ең көп қаралатын жобалардың үздігі екенін айтты. "5. Кейбір сайттар үшінші орын алып қалған сәтте "таңқалдыра алмады", "жеңіліс тапты", "соңғы орын алды", "ұтылды" деп жарыса жазып жатыр! (әрине тақырыбы солай болса оқырманы көп болады деген мақсат қой, десек те...) Қателеспеңіз! Бұл байқау Сіздер көзге үйренген "Жас қанат" пен "Азия дауысы" немесе "Новая волна" мен "Евровидение" емес! Системасы мүлдем бөлек! Тағы да айтамын, танымал әншілердің жарысы болғандықтан, "Титандардың шайқасы" болғандықтан, "Сен тұр мен атайындардың" сайысы болғандықтан, 7 немесе 8 ғана қатысушы апта сайын (байқаудан тыс қалып және жаңа әншілер қосылып отырады) қатысқандықтан 1,2,3,4,5,6,7,8 орындар беріледі", - деді ол.

Әншінің өкілінің айтуынша, мұндағы 1-ші орын әрине жеңіс! Бірақ ол 2,3,4,5,6-шы орындардың жаман деген сөз емес екенін айтып өтті.

"7, 8 орындар қауіпті орындар болып табылады! Сондықтан, 3,4,5,6-шы орындар алғанда Олимпиадада қола алғанмен бірдей көріп қуансаңыздар болады! Оның өзі үлкен жетістік Бұл жобада! Ең бастысы, әдемі өнер көрсету! 6. Қазақстан көретін жобаның бір бөлігі ғана. Бұл тек ән байқауы емес. Реалити шоу. Әнші үнемі камера бақылауында. Естеріңізде болса, Қазақстанға да сол камералармен келгенбіз!", - деп жазды Алпамыс Шарипов.

Сондай-ақ, ол бұл байқауда дайындыққа тек бір апта уақыт берілетінін, сондықтан халықтан кейбір бейресми ақпараттарға сене бермеулерін сұрады.

 

Осы аптаға арналған жарнама роликті жариялай отырып, #IAmSinger жобасы туралы кейбір ақпараттарды назарларыңызға ұсынып түсіндіргім келеді. 1. Осы аптада 7 эфир көрсетілімге шығады. Димаш қазақ әні "Дайдидауды" шырқайды. Димашқа өзімен бірге оқитын Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студент достары көмектесетін болады. 2. Ең алғашқы эфирден бері қарай 3 әнші ғана қалды. Димашпен бірге Сэнди Лэм және "Лион" тобы. 3. Қалған әншілер одан кейін келіп қосылған әншілер. Бірақ, барлығынын жеңіске деген мүмкіндігі бірдей. Жобаның аты "Мен әншімін" деп аталады. Яғни, әнші болсаң, ортадан келіп қосылған әншілерге қарсы тұра білуін керек, сылтау іздемеу керек, әділетсіздікті көрмеу керек. Тағы да айтамын, бұл "Битва Титанов"! 4. Бәз біреулер, бұл әшейін бір облыстық арнаның бағдарламасы. Белгісіз бір бағдарлама деп, әлі күнге дейін бөксіп жүр!.. Рейтинг ең төмені 28.8% алатын "The Singer" жобасы қытайдағы ең көп қаралатын жобалардың ең үздігі болып табылады. 5. Кейбір сайттар үшінші орын алып қалған сәтте "таңқалдыра алмады", "жеңіліс тапты", "соңғы орын алды", "ұтылды" деп жарыса жазып жатыр! (әрине тақырыбы солай болса оқырманы көп болады деген мақсат қой, десек те...) Қателеспеңіз! Бұл байқау Сіздер көзге үйренген "Жас қанат" пен "Азия дауысы" немесе "Новая волна" мен "Евровидение" емес! Системасы мүлдем бөлек! Тағы да айтамын, танымал әншілердің жарысы болғандықтан, "Титандардың шайқасы" болғандықтан, "Сен тұр мен атайындардың" сайысы болғандықтан, 7 немесе 8 ғана қатысушы апта сайын (байқаудан тыс қалып және жаңа әншілер қосылып отырады) қатысқандықтан 1,2,3,4,5,6,7,8 орындар беріледі. Бұндағы 1-ші орын әрине жеңіс! 2,3,4,5,6-шы орындар жаман деген сөз емес, жобада қалды, жақсы орындар! 7, 8 орындар қауіпті орындар болып табылады! Сондықтан, 3,4,5,6-шы орындар алғанда Олимпиадада қола алғанмен бірдей көріп қуансаңыздар болады! Оның өзі үлкен жетістік Бұл жобада! Ең бастысы, әдемі өнер көрсету! 6. Қазақстан көретін жобаның бір бөлігі ғана. Бұл тек ән байқауы емес. Реалити шоу. Әнші үнемі камера бақылауында. Естеріңізде болса, Қазақстанға да сол камералармен келгенбіз! 7. Дайындыққа тек бір апта уақыт беріледі. Сондықтан, кейбір бейресми ақпараттарға сене бермеңіздер!

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov)


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай