1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Battle of memories жылдың үздік әні болды

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән жылдың үздік әні атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Instagram желісінде сүйіншілеп жазды.

"Қытайдың CCTV орталық телеарнасы Димаштың орындауындағы "Battle of memories" әнін жылдың үздік әні деп танып, "Top Global Chinese Music" жүлдесін әншіге табыстады!!! Қуанышымызды сіздермен бөлісіп отырмыз, ағайын! #dimashkudaibergen #dimash #thesinger #theSingerDimash #DQ #awards", - деп жазды Қанат Айтбаев.

Отандық әншінің орындауындағы Battle of memories әні:

Бұл Димаш Құдайбергеннің үшінші музыкалық жүлдесі. Бұған дейін ол 27 наурызда China Top music Awards шарасында "Азияның ең танымал әншісі" атанған еді. Айта кетейік, Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған. Музыкалық жүлде 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Ал кейін Димаш Құдайберген "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" атандған болатын.


© Алпамыс Шаримов

Айта кетейік, бүгін I am a Singer жобасының гала-концертінде Димаш Құдайберген "Махаббат бер маған" атты әнді орындады. Бұл ән бүгін тұңғыш рет орындалып отыр. Әнін Айгүл Бажанова жазса, сөзі Мұнайдар Балмолданыкі. Әнді Ерлан Бекчурин өңдеген. 

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Махаббат бер маған" атты әнінің видеосы:


© Алпамыс Шаримов

I Am a Singer музыкалық байқауы - Кореяның танымал реалити-шоуының қытайлық нұсқасы. Онда жеті танымал орындаушы қатысады. Әр апта сайын бір қатысушы байқаудан шығарылып, тағы бір жаңа қатысушы келеді. Жеңімпазды аудитория таңдайды. Байқау 14 кезеңнен тұрады. Айта кетейік, Димаш Құдайберген - байқаудың ең жас қатысушысы.