Димаш Құдайбергенов байқаудың келесі кезеңіне қалай дайындалып жатыр?

02 Ақпан 2017, 18:54
0
Димаш Құдайбергенов байқаудың келесі кезеңіне қалай дайындалып жатыр? - Димаш Құдайбергенов © Алпамыс Шаримов
Димаш Құдайбергенов © Алпамыс Шаримов

Әнші Димаш Құдайбергеновтің Қытайдағы I am a Singer байқауының келесі кезеңіне дайындығының суреттері жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

PR-менеджері Алпамыс Шаримовтың тілшімізге жолдаған суреттерінде әншінің сахнада қара шалбармен, футболка киіп, күдеріден жасалған күрте киіп тұр. Алайда ол конкурстың үшінші кезеңінде сахнаға басқа костюммен шығады. 

"Қазір біз дайындалып жатырмыз, барлығы қалыпты өтіп жатыр. Димаш Queen тобының The show must go on әнін орындайды. Ән орындау кезінде оның киімі басқа болады. Димаштың жалпы жағдайы жақсы, Алматыдан ұшып келгенімізде қытай қыздары әуежайдан күтіп алды. Күтіп алып, сыйлықтар жасап, суретке түсті. Біз ұшып келетін рейсті өздері біліп алыпты. Димаш мұнда өте танымал", - деді Алпамыс Шаримов.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 28 қаңтарда Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай