29 қаңтар 2016 18:05

Димаш Құдайбергенов "Евровидение" байқауына дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайбергенов "Евровидение" байқауына дайындалып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева айтып берді.


Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайбергенов "Евровидение" байқауына дайындалып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева айтып берді.

"Қазақстан әзірше "Евровидение" байқауына қатыспайды, дегенмен біз өтініш беріп қойдық. Димашты қызу дайындап жатырмыз. Ол біздің университеттің екінші курс студенті. Оның жеңіске жететініне күмәніміз жоқ. Димаш "Славян базары" байқауында жеңімпаз атанып, еуропа елдеріне танымал болды. Ол өте дарынды", - деді Айман Мұсақожаева.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергенов The Voice UK және USA ("Ұлыбритания дауысы" және "АҚШ дауысы") байқауларына қатысуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети