ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2017 | 13:22
Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылу салтанатында ән шырқайды
Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылу салтанатында ән шырқайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі PR-менеджері Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылу салтанатында ән шырқайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі PR-менеджері Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.
"Біз Универсиадаға дайынбыз. Сағынышпен Алматыға келдік. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Көк байрағымыз көкте желбіресін! Димаш @kudaibergenov.dimash бүгін ашылу салтанатында тікелей эфирде өнер көрсететін болады! Жаса қазақ! Алға, Қазақстан!", - деп жазды Шаримов Instagram желісінде. Осылай жазған менеджері әнші екеуінің Универсиадаға қатысатынын растайтын бейдждерінің суретін жариялады.
© instagram.com/asharimov
Кейінірек Димаш Құдайбергеновтың өзі де бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. "Универсиадаға қатысатын барлық қатысушыларға сәттілік, Қазақстанға жеңіс тілеймін! Мен сіздермен біргемін!", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов кеше, 28 қаңтарда Қытайда өтіп жатқан I Am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов телешоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр.
Айта кетейік, Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты бүгін, 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Универсиаданың бүгінгі аңдатпасын мына жерден оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также