Димаштың ерекше қасиеті - оның дəстүрлі қазақ отбасында туып, қазақы тəрбие алғандығында - министр

24 Мамыр 2017, 20:57
0
Димаштың ерекше қасиеті - оның дəстүрлі қазақ отбасында туып, қазақы тəрбие алғандығында - министр - Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Димаш Құдайберген
Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Димаш Құдайберген

ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Əлемді аузына қаратқан Димаштың туған күні, достарым! "Димаш - Тəңір өзі назарына алған жас əнші", "Құдайдың берген сыйы" ретінде аса жоғары бағасын берген əлем сарапшылары оның бүгінгі туған күніне ақ тілектерін жаудыруда. Иə, Димаш Кудайбергеннің өнеріне күллі әлем əлі күнге дейін тəнті болып, таңдай қағысып жатыр. Димаштың ерекше қасиеті - оның дəстүрлі қазақ отбасында туып, қазақы тəрбие алып, қазақ тілін терең меңгеруінде. Қай жерде жүрсе де оның басты мақсаты - Ұлы дала елінің өнері мен мәдениетін насихаттау", - деп жазды министр Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Сондай-ақ, ол Димаштың болашақта əлемдік сахналаларда бұдан да зор жетістіктерге жететініне сенімді екенін айтып отыр. "Ол ерекше музыкант. Салыстыруға келмейтін дарын иесі! Табиғатынан талант, кемеліне келген, керемет дауыс иесі - Димашқа мықты денсаулық, биік белестер тілеймін!", - деп құттықтады 23 жасқа толып отырған әншіні министр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, отандық және шетелдік мәдениет және өнер қайраткерлері Димаш Құдайбергенді 23 жасқа толуымен құттықтап, видео жариялаған еді.

Айта кетейік, 23 жасқа толып отырған Димаш Құдайбергенді қытайлық шоу-бизнес өкілдері де құттықтап, ақ тілектерін жеткізіп жатыр. Атақты жұлдыздардың құттықтау видеоларын Facebook желісіндегі парақшамыздан көре аласыздар.


Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері жасаған туындылар.

Димашқа жасалған сыйлықтар


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай