14 наурыз 2019 11:46

Димаштың мәрттігіне таңдай қағамын - Данэлия Төлешова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/tuleshova_daneliya Фото:instagram.com/tuleshova_daneliya

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова жас орындаушыларға жолын беру үшін The World's Best шоуынан өз еркімен кеткен Димаш Құдайбергеннің шешімі жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова жас орындаушыларға жолын беру үшін The World's Best шоуынан өз еркімен кеткен Димаш Құдайбергеннің шешімі жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Міне, The World's Best шоуы да аяқталды. Димаштың мәрттігіне таңдай қағамын, оның нағыз ер адамға лайықты әрекетін бүкіл әлем бағалай алады деп үміттенемін! Сіз әртіс үшін өмірдегі ең маңыздысы шығармашылық екенін дәлелдедіңіз. Сахнаға және әніңді тыңдап отырған адамдарға деген махаббатқа ештеңе жетпейді. Бұл расымен де, солай. Кремльдегі концертіңізде кездесетін сәтімізді асыға күтемін! Мен үшін бұл шоу - өмірімдегі кезекті кезең. Көп нәрсені үйреніп, көп нәрсені түсіндім. Тамаша пианист әрі ғажап адам Лидиан Надхасварамды шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды әнші Instagram желісінде.

Естеріңізге салсақ, Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан өз еркімен кеткен болатын. Ол өз жолын жас орындаушылар - Данэлия Төлешова мен Лидиан Надхасварамға берді.

Ал Данэлия Төлешова финалға шыға алмады, ол үндістандық Надхасварамға есе жіберді. Данэлия әнші P!nk-тің What About Us композициясын орындаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети