03 шілде 2017 11:33

Джаред Лето АҚШ-ты "Астана-Арена" сахнасынан құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тwitter.com/JaredLeto парақшасындағы видеодан Тwitter.com/JaredLeto парақшасындағы видеодан

30 Seconds to Mars тобының мүшесі Джаред Лето Қазақстан астанасында өтіп жатқан концерт кезінде "Астана-Арена" сахнасында тұрып, отандастарын 4 шілде - АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


30 Seconds to Mars тобының мүшесі Джаред Лето Қазақстан астанасында өтіп жатқан концерт кезінде "Астана-Арена" сахнасында тұрып, отандастарын 4 шілде - АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен әлемнің басқа қиырындамын, Қазақстан атты әдемі елде. Бірақ біз жақында ораламыз, АҚШ-тағы бір күніміз жайында фильм түсіру үшін. Көмектеріңіз қажет. 4 шілдеде видео түсіріп, бізге жолдаңыздар", - дейді ол. Сосын ол микрофонды қосып: "Америкаға сәлем айтыңыздар! Америка, туған күніңмен", - деп айғай салды.

Еске салайық, Астанада 2017 жылдың 2 шілдесінде 30 Seconds To Mars рок тобының Астанадағы концерті өтті. 30 Seconds to Mars - Лос-Анжелестен шыққан америкалық рок тобы. Олардың орындайтыны альтернатив рок. Ағайынды Джаред пен Шеннон Летолар 1998 жылы топтың негізін қалаған. Топтың атауы Гарвардтың бұрынғы профессорының мақаласынан алынған. Бұл мақалада адамзат дамудың арқасында жуырда "Марстан отыз секунд қашықтықта болатыны" айтылған. 

 

Turn all the lights up xxx

Публикация от JARED LETO (@jaredleto)

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети