04 қазан 2021 09:25

Елордалық егіз қыз Түркияның The Voice жобасының қазылар алқасын таңғалдырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық егіз қыз Аяна мен Диана Тайбековалар түріктің The Voice жобасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық егіз қыз Аяна мен Диана Тайбековалар түріктің The Voice жобасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрмей тыңдау кезінде қыздар әнші Jessie J-Price Tag әнін орындады. Барлық тәлімгерлер қазақстандықтарға бұрылды. Ұзақ талқылаудан кейін олар Түркиядағы танымал әнші Мұрат Боз командасына барды.

"Есімде, демалыстардың бірінде Аяна қоңырау шалып, ескі қаладағы кастингке келуімді өтінді. Мен бұл идеяға қарсы екенімді айттым. Әрине, мен ән айтқанды жақсы көремін, бірақ менің ән айтқанымды туыстарым мен жақындарым ғана еститін. Бірақ ол айтқанынан қайтпай мені көндірді. Кастингтен кейін бізге: "Біз сендерге хабарласамыз" деді. Мен Аянаға олар бізге қоңырау шалмайтынын айттым. Аяна өтетінімізге сенімді болды. Сөйтіп кастингтен өттік, бізді Ыстамбұлға шақырды", - деді Диана Тайбекова.

Апалы-сіңлілер іріктеу кезеңінен және қойылымның өзінен ұмытылмас эмоциялар алғанын айтты. Олар әр аймақтың талантты орындаушыларымен кездесті.

"Уайымдағаннан қолдарым мен аяқтарым дірілдеп кетті. Сахнада тұрғанда ешкімді көрмедім. Қазылар алқасы бұрылғанын немесе бұрылмағанын түсінбедім, әрі қарай ән айтуды жалғастырдым. Музыка аяқталғанда барып төртеуінің де бұрылғанын көрдім. Сол кезде өтетінімізді түсіндім", - деді Диана.

Қазір апалы-сіңлілер Антальяда тұрады. Диана туризм саласында төрт жылдан бері, Аяна 7 айдан бері жұмыс істейді. Қыздар Түркияға төрт жыл бұрын алғаш рет практикадан өтуге келген. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран колледжін туризм менеджері мамандығы бойынша бітірген. Қазақстанда әншілер X-Factor, Qazaqstan daysy жобаларына қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети