01 қыркүйек 2018 10:39

Эминем Трамптың оған Құпия қызметті қалай жібергенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram/Eminem © Instagram/Eminem

Америкалық рэпер Эминем жаңа Kamikaze альбомына кірген The Ringer атты әнінде АҚШ президенті Дональд Трамптың оған АҚШ Құпия қызметін "жібергенін" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Әннің мәтінінде Құпия қызмет мамандарының музыкантпен кездескені айтылады, олар оның президентке "қастандық жасауға ниеті бар ма" немесе "терроризммен байланысы бар ма" екенін тексермекші болған, деп жазды Time журналы.

Басылымның мәліметінше, бұған дейін Эминем өз композицияларында Трамп туралы сын айтқан. Әндерінің бірінде рэпер Трампқа ыстық кофе шәйнегін лақтырсам дейді де, соңында "дегенмен, жоқ", дейді.

Құпия қызмет басылымға түсінік беруден бас тартқан, сонымен қатар, президентке қатысты айтылған барлық қоқан-лоқының тергелетінін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети