19 маусым 2019 15:01

Ержан Максимның Нұр-Сұлтандағы концертіне билеттер түгелдей сатылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© EADaily © EADaily

28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимның айрықша шоу-концертінің куәгерлері болады. Концерт билеттері аз уақыттың ішінде сатылып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимның айрықша шоу-концертінің куәгерлері болады. Концерт билеттері аз уақыттың ішінде сатылып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі елорда күніне орай "Голос. дети" жобасының жеңімпазы Ержан Максимнің алғашқы дебюттік концертін дайындап жатыр. 

Орындаушының жасы - жеке концертті өткізуге еш кедергі емес, Ержан бұл іске үлкен жауапкершілікпен дайындалуға кірісті. Қазіргі таңда жас дарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов және Ренат Гайсин сынды композиторлармен композициялар жазу үстінде. Бұл Ержанның репертуарындағы алғашқы авторлық әндері болып табылады, аталмыш шығармаларды жеке концертке келген көрермендер алғашқылардың бірі болып тыңдайтын болады.

Кештің репертуарында Нұрсұлтан Назарбаевтың "Отан-Ана", Э. Карменнің All by Myself, М. Магомаевтың "Синяя вечность" композициялары және өзге де туындылар "Солистер академиясы" Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалатын болады.

Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Әбдіжаппар Әлқожа сынды қазақстандық эстраданың танымал орындаушылары Ержанға қолдау көрсетіп, жас дарынмен сүйікті музыкалық композицияларды бірге шырқайды.

Тек қана кештің репертуарымен ғана емес, сонымен қатар орындаушының көрермендер алдына шығатын сахналық образымен де егжей-тегжейлі жұмыс жасалуда. Zeken Moda брендін құрушы Қайролла Әбішев жеке концертінде сахнаға шығатын Ержанның айрықша костюмдерін дайындауда. Бір айта кетері, нақты осы дизайнер Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концерті мен Лос-Анджелестегі The World’s Best (АҚШ) конкурсындағы костюмдерін тігіп берген еді.

Бұдан бұрын Ержан Максим астаналық балалар үйі мен "SOS балалар ауылына" барып, тәрбиеленушілеріне алғашқы концертіне шақыру билеттерін өз қолымен үлестірді. Артынан Ержан "Муз"ТВ-2019 жүлдесіне қонақ ретінде қатысып, сахна сыртында ресейлік эстрада жұлдыздарымен кездесті.

Дарынды кішкентай жұлдызымыз ресейлік шоу-бизнестің көрнекі өкілдері Валерий және Константин Меладзені, шоумен Максим Галкинді, композитор Игорь Крутойды, "Муз-ТВ" ресейлік ұлттық музыкалық арнаның бас директоры Арман Давлетьяровты және қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді өз концертіне шақырып, билеттерін берді. Игорь Крутой мен Арман Давлетьяров осындай маңызды күні Ержанды қолдау үшін келетіндерін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети