Ертең Алматыда The Spirit of Tengri V мерейтойлық фестивалі басталады

19 Мамыр 2017, 09:38
0
Ертең Алматыда The Spirit of Tengri V мерейтойлық фестивалі басталады -

Ертең Алматыда заманауи этникалық музыка фестивалінің бес жылдық мерейтойы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Tengri FM радиостанциясының директоры Мадина Уморбекованың айтуынша, әкімдіктің көмегінсіз мұндай ірі іс-шараларды өткізу мүмкін емес. Радиостанцияның директоры фестивальдің жыл сайын кеңге қанат жайып келе жатқанын және адамдардың осы іс-шара жайлы Қазақстаннан тыс жерлерде де біліп жатқанын айтып өтті. "Осындай тамаша фестивальді ұйымдастырып жатқанымызға міне бес жыл болды. Фестиваль расында да кеңейіп жатыр. Әрине, мұның барлығы радиостанция ұжымының арқасында, олар бізге осы іс-шараны ұйымдастыруға көмектесіп жатыр. Алматыда өткізетін фестивалімізге Ресейден және АҚШ-тан қонақтар келіп жатады", - деді Мадина Уморбекова.

Сондай-ақ, Tengri FM директоры биыл ұйымдастырушылардың қатысушылардың санын ғана емес, сондай-ақ, асүйдегі тағам түрлерін көбейткенін айтып өтті. "Концерт бірнеше сағатқа созылатындықтан биыл қонақтарға Қазақстан халқынының барлық тағам түрі, сондай-ақ, Еуропа халқының тағамдары қойылатын болады. Меніңше, барлығы дәмді болып, қонақтар уақытын жақсы өткізеді. Біз сіздерді күтеміз", - деді Мадина Уморбекова.

Айта кетейік, музыканттар Tengri FM және Жұлдыз FM радиостанцияларының жұма күнгі эфирінде әндерін орындайды. Сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін Huun Huur Tu (Тыва), Oki Dub Ainu (Жапония), Shono Band (Бурятия), Marga muzika (Литва) және Dudu Tassa & The Kuwaitis (Израиль) әншілерінің орындауындағы әндерді тыңдауға болады.

The Spirit of Tengri фестивалі әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрлерін Қазақстан жерінде таныстарын мәдени жоба. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Өткен төрт жылда фестивальге әлемнің 30-дан аса елінен музыканттар мен этникалық музыканттар тобы қатысты.

Ал биыл Республика сарайында Oki Dub Ainu Band (Жапония), DJ Carmen Rizzo (АҚШ), Huun Huur Tu (Тыва), Sekou Kouyate (Гвинея), Folk Project Katya Yamshchikova (Башқұрстан), Speed Caravan (Франция/Алжир), Robert Yuldashev & "Kuraisy" (Башқұрстан), Shono (Бурятия), Dudu Tassa & The Kuwaitis (Израиль), Marga Muzika (Литва), Барабаны Алматы жобасы (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov (Қазақстан).

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай