13 мамыр 2019 09:21

Этникалық музыкада халықтың рухы мен қуаты бар. The Spirit of Tengri фестивалінде ел атынан кімдер шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заманауи этникалық The Spirit of Tengri 2019 халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан кімдердің өнер көрсететіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль сахнасына қазақстандық Ethno5 және Ashina ұжымдары шығады.


Заманауи этникалық The Spirit of Tengri 2019 халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан кімдердің өнер көрсететіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль сахнасына қазақстандық Ethno5 және Ashina ұжымдары шығады.

Әлемнің 16 елінен 70-тен аса музыкант Алматыда өтетін The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады. Фестиваль 25-26 мамырда Республика сарайының (Абай - Достық) алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерт 17:00-де басталады, кіру - тегін. Музыкалық шоу Жастар жылын атап өту аясында Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Salem Social Media. 

Қазақстан атынан шығатын бірінші ұжым - Ethno5 этно-поп тобы. Олар қазақтың фольклорын жаңа үнмен жеткізеді. 2017 жылы құрылған команда халық аспаптарының көпшілігінде ойнайды: домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, дауылпаз, даңғыра, асатаяқ, шіңкілдек, нар қобыз, үскірік. Музыканттардың репертуарында әйгілі композиторлардың әндері (Құрманғазы, Дәулеткерей, Нұрғиса Тілендиев) мен күйлері бар. 

"Еліміз мәдени құндылықтарға бай. Қазақстанда бесікке салу, қырқынан шығару, тұсаукесер, атқа отырғызу, жоқтау. деген дәстүр көп, олар біз үшін маңызды. Қазақта туғаннан жер қойнына тапсырылғанға дейін өмірі әнмен сүйемелденетіні маңызды.

Бүгінгі Қазақстан ұлттық жаңару кезеңін өткеріп жатыр. Оны түрлі жобалар дамытып келеді. Мәселен, The Spirit of Tengri фестивалі жүз мыңдаған қазақстандық пен ел қонақтарын біріктіріп, Ұлы дала мен әлем халқының мәдени әрі музыкалық бай мұрасымен таныстырады. Адам бұл жерден өз халқының құндылығын біліп, баба үнін сезіне алады", - дейді топ солисі Нұркен Слан.

2019 жыл Қазақстанда жастар жылы деп жарияланған. Топтағы музыканттар дәл осы жылы сүйікті фестиваль сахнасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты.

"Біз The Spirit of Tengri фестивалінің барлығында көрермен ретінде болдық. Сол кезде бізде этникалық музыкаға деген қызығушылық туды. Музыканттардың әндерді кәсіби және шын жүректен беріліп айтқаны бізді шабыттандарды, біз де бір күні осы сахнада өнер көрсетсек деп армандадық", - дейді Ethno5 вокалисі.

Фестивальде Қазақстанның тағы бір өкілі Ashina тобы өнер көрсетеді. Топ алты жігіттен тұрады. Олар қазақтың ұлттық аспаптарында ойнайды: сыбызғы, домбыра, шаңқобыз, қыл-қобыз, сондай-ақ, гитарамен және көмеймен ән айтады. Ashina тобын вокалист Нұрлыбек Закенов пен бас гитарашы Берік Козкин Нұр-Сұлтанда құрған. Айта кетейік, бұл топтың бағыты - New Age стилі мен Ethnic-Folk-Fusion, олардың репертуарында қазақтың ұлттық дәстүрлі әндері мен күйлері, сондай-ақ, авторлық әндер мен композициялар бар.

"Этникалық музыкада қазақ халқының рухы мен қуаты, мәдениеті мен дәстүрі бар. 2019 жыл Қазақстанда жастар жылы деп жарияланды. Заманауи этникалық музыка жастарға көп дүние бере алады, олардың ішінде дәл The Spirit of Tengri жобасы оны жаңа деңгейге шығарады. Фестивальде заманауи сарындағы дәстүрлі әннің қайталанбас синтезін естуге болады.

The Spirit of Tengri фестивалі музыкалық мұраны сақтауға ғана емес, сондай-ақ, Қазақстандағы қолөнершілердің авторлық еңбектерін танымал етуге бағытталған ірі алаң. Біз The Spirit of Tengri фестиваліне осындай маңызды жобаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз. Фестивальде көріскенше!, - деді Ashina тобының негізін қалаушы Нұрлыбек Закенов.

Мұның алдында фестивальға әзірбайжандық Natig Rhythm Group тобы, үндінің The Raghu Dixit Project тобы, тывалық Радик Тюлюш, Svjata Vatra эстон-украин тобы, мажарлардың Kerekes Band тобы, сондай-ақ, мозамбиктің Childo Tomas ұжымы өнер көрсететіні анықталған. Сондай-ақ, Өзбекстан, Мали, Нигер Республикасы, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран және АҚШ елдерінен музыканттар келеді деп жоспарланған.

Фестиваль қолдаушысы - Tez Tour Kazakhstan туроператоры, ал KZ Sound компаниясы техникалық қолдау көрсетеді. Фестивальдің ресми суы ‑ Samal.

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасын 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән.

Жыл сайын The Spirit of Tengri сахнасына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал әртістер шығады. Фестиваль өтіп келе жатқан уақыттан бері 80-нен аса елдің белгілі музыканттары мен ұжымдары қатысып шықты. Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.

Алдыңғы жылдары фестивальді Kaspi.kz пен Magnum Cash & Carry қолдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети