"Евровидение-2014" байқауының барлық финалисі анықталды

09 Мамыр 2014, 03:36
0
"Евровидение-2014" байқауының барлық финалисі анықталды - Австриялық сайыскер Кончита Вурст. ©Ivona.bigmir.net
Австриялық сайыскер Кончита Вурст. ©Ivona.bigmir.net

"Евровидение-2014" байқауының барлық финалисі анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Байқаудың екінші жартылай финалында 15 елдің орындаушысы өнер көрсетті. Көрермендердің дауысы бойынша және кәсіпқой қазылар алқасының шешімімен 10 елдің өнерпазы келесі кезеңге өтті: Швейцария, Словения, Польша, Румыния, Норвегия, Грекия, Мальта, Беларусь, Финляндия, Австрия. Австрияның атынан сақал-мұртты трансвестит Кончита Вурст өнер көрсетіп жатыр, оның келесі кезеңге өтетіні ең соңынан хабарланды.

Мамырдың 6-сы күні болған алғашқы жартылай финалда ақтық сынға Ресей, Украина, Әзірбайжан, Армения, Черногория, Венгрия, Сан-Марино, Швеция, Нидерланды мен Исландия өткен болатын. Бұларға қоса, финалға "Үлкен бестік" елдері (Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Италия) мен байқаудың биылғы қожайыны Дания да қатысады.

Сөйтіп, Копенгагеннің B&W залында өтіп жатқан 59-конкурстың қорытынды кезеңіне 37 мемлекеттен 26 қатысушы іріктелді. Еске сала кетейік, "Евровидение-2014" байқауын Қазақстанда "Хабар" телеарнасы тікелей көрсетіп жатыр. Ақтық сайысты 11 мамыр күні сағат 01.00-де тамашалауға болады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай