11 шілде 2017 11:55

EXPO көрмесі кезінде The Spirit of Tengri әлемге әйгілі екі этно-ұжымның концертін ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка жобасы EXPO көрмесі аясында ек атақты этно-ұжымның концертіне шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка жобасы EXPO көрмесі аясында ек атақты этно-ұжымның концертіне шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

20 шілдеде "Энергия холлы" концерт залында америкалық-ирандық-түркиялық Niyaz музыкалық тобының концерті өтеді. 20 тамызда дәл осы концерт залында африкалық белгілі музыкант Дафер Юссефтің (Dhafer Youssef) жеке концерті болады.

"Біздің жобамыздың бес жылдық мерейтойы аяқталмағанын қуана хабарлаймыз. Мамырда Алматыда мерейтойлық The Spirit of Tengri фестивалін өткіздік. Сосын қала әкімдігімен бірігіп алғаш рет The Spirit of Astana фестивалін өткіздік. Ал Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Nomad Way көшпелі халықтардың музыкалық фестивалі өткізілді. Енді Астанада халықаралық көрме аясында тағы екі шара өтетінін айтқымыз келеді. Еуропа, Оңтүстік Америка және басқа да елдерде белгілі орындаушылардың жеке концерттері. Екі ұжым да Қазақстанға алғаш рет келеді. Сонымен бірге Астана тұрғындары мен қонақтары керемет мультимедиалық шоуды тамашалай алады", - дейді The Spirit of Tengri халықаралық заманауи этникалық музыка жобасының баспасөз аташесі Мария Мирная. 

Niyaz тобы 2004 жылы құрылды, оның құрамына вокалшы Азам Али (Azam Ali), Лога Рамин Торкиан (Loga Ramin Torkian) және Axiom Of Choice атты ирандық топ кіреді. Niyaz сөзі парсы және урду тілінен аударғанда "үлкен құлшыныс" денгенді білдіреді. Бұл топтың музыкасы заманауи ырықтағы мистикасымен ерекше, бұл суфилер мистицизмі мен trance-электрониканың араласуынан туады. 

2005 жылы Niyaz АҚШ, Канада, Франция, Германия, Жапония, Сингапур, Испания, Түркия, Үндістан, Ресей, Польша, Дубай, Мексика, Финляндия, Словения, Италия, Португалия, Хорватия, Марокко, Тунис және Австрияда өнер көрсетті. Сонымен бірге, олардың музыкасы бірнеше фильмде және телеарналарда орындалды. 

2005 жылдың наурызында Niyaz тобы The Fourth Light атты төртінші альбомын жарыққа шығарды. Бұл VIII ғасырда Иракта өмір сүрген суфилік мистик және ақын Рабиә Әл-Басриге деген тағзым еді. Ол суфилік мистицизмнің негізін қалаушы болғандықтан әулие санатына кіреді. Альбом туралы көп мақтаулар айтылды, әсіресе BBC World Service, Huffington Post, NPR, World of the World және MTV арналарында. Niyaz тобының музыкасы мәдениеті мен діні бөлек адамдарды ортақ адамгершілік қасиеттер арқылы бірігуге үндейді. 

"Niyaz концерттері жай ғана музыкалық шара емес. Ұжым бізге интерактив дизайнер, визуал суретші Джер Делапиремен бірге жасаған жаңа бағдарламасымен келеді. Концерт кезінде шынайы және виртуал кеңістіктер бірігіп, үш өлшемді орта иллюзиясын жасайды. Осының арқасында жиналған адамдар мен орындаушылар арасында аралық жоқ сияқты көрінетін болады. Этникалық музыканы сүйемйтіндерді де бұл шоу бей-жай қалдырмайды. Бұл концертті асыға күтеміз және Астана тұрғындары мен қонақтарын концертке шақырамыз", - деп атап өтті Мария Мирная. 


Сурет Facebook желісіндегі  Niyaz тобының жеке парақшасынан

Niyaz тобының концертінен бір айдан кейін композитор-космополит, әнші және уд аспабында ойнайтын Дафер Юсефтің жеке концерті өтеді. Ол Тунисте дүниеге келгенімен 1990 жылдан бастап Еуропада тұрып келеді. Ол соңғы он жылдықта ең инновациялық музыканттардың бірі ретінде танылды. 

Сыншылар ислам дәстүрінде тәрбиеленген Дафердің даусында ізгілікке шақыратын рухани аура барын айтады. Дафер Юссеф түрлі халықаралық сыйлықтарға ие болған алты альбом шығарды. Соңғы әнжинағы 2016 жылы Diwan Of Beauty And Odd атымен шықты, Астанадағы концертте дәл осы альбомға кірген әндер орындалады. Дафер Юсефтің әуендері шығыстық әсер мен Нью-Йорктің қалалық ырғағы, дәстүр мен заманауи әсердің араласуы, бейбітшілікке шақырудың әмбебап түрі.


Дафер Юсефтің Facebook желісіндегі жеке парақшасынан

Концерт билеттерін EXPO-2017 сайтынан алуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети