Француз әншісі концерт кезінде ток ұрып қайтыс болды - БАҚ

20 Шілде 2017, 20:01
0
Француз әншісі концерт кезінде ток ұрып қайтыс болды - БАҚ -

Француз әншісі Барбара Велденс концерт кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды The Independent.

Қазіргі уақытта оның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Алайда жергілікті БАҚ-тар Велденс ток ұрып қайтыс болды деп болжап отыр.

Оқиға кезінде әнші Францияның оңтүстік-батысындағы Гоудрон ауылындағы шіркеудің сахнасында болған. Оқиғаның мән-жайын полиция тергеп жатыр.

Барбара Велденстің Le Grand H de l'Homme деген тұңғыш әнжинағы биыл 3 ақпанда шыққан болатын. Жинақты сыншылар жоғары бағалап, әншінің болашағынан үміт күтетінін айтқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай