24 желтоқсан 2014 17:26

"Хочу к Меладзе" шоуына қатысушы: Тимати бізге еш көмек бере алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлібек Әлмәдиев. ©Massaget.kz Әлібек Әлмәдиев. ©Massaget.kz

Ресейдің рейтингі жоғары "Хочу к Меладзе" шоуына қатысқан қазақстандық әнші Әлібек Әлмәдиев музыкалық байқау туралы пікірін білдірді. Massaget.kz порталына берген сұхбатында әнші конкурстың форматы жайында айтып берді.


Ресейдің рейтингі жоғары "Хочу к Меладзе" шоуына қатысқан қазақстандық әнші Әлібек Әлмәдиев музыкалық байқау туралы пікірін білдірді. Massaget.kz порталына берген сұхбатында әнші конкурстың форматы жайында айтып берді.

"Сериалити - шоудың бас режиссері Алан Бадоевтың идеясы. Менің ойымша, бұл - шынайы шоуға жасалған сериал. Былайша айтқанда, барлығы шынайы өтеді, бірақ қызықты болуы үшін арасына ойдан шығарылған оқиғалар қосылады", - деді әнші. Мұнымен бірге, ол шоуда өзінің Роза Рымбаевамен бірге орындаған әнінің сюжетін көрсетпегеніне өкініш білдірді. "Бір сөзбен айтқанда, менің қатысуыммен өткен барлық түсірілім көрсетілген болса, көрермендер менің шынайы бейнемді көрер еді", - дейді әнші.

Әлмәдиев өзінің тәлімгері туралы ойын да білдірді. Әншінің пікірінше, Тимати сайыскерлерге ешқандай көмек бере алмаған. "Біздің барлық мүмкіндігімізді пайдалануға болатын еді: дауысымызды, актерлік қабілетімізді, сахнада өз-өзімізді ұстауымызды, биімізді. Алайда басқа тәлімгерлермен салыстырғанда ол біздің дайындығымызбен мүлдем айналысқан жоқ. Тек сахнаға шығар алдында ғана қолдауын білдіретін. Ұстаз таңдаудан қателестік десем болады", - деді ол. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Бұған қарамастан қатысушы мұның тамаша ірі жоба екенін және оған көп қаржы жұмсалғанын айтып өтті. "Қазақстандық шоулар мен ресейлік шоулардың бюджетін мүлдем салыстыруға келмейді. Мұндай қаржы болса, біздің продюсерлер осал шоу шығармас еді", - деді Әлмәдиев.

Еске сала кетейік, "Хочу к Меладзе" шоуы 22 қарашада аяқталды. Сергей Лазаревтің шәкірттері болған, құрамында қазақстандық Анатолий Цой бар топ шоудың жеңімпазы атанған болатын. Жеңіске жеткен M-band тобының "Она вернется" әніне дебют клипін түсіргені де хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети