12 мамыр 2017 09:56

"Хуун-Хуур-Ту" мен DJ Rizzo The Spirit of Tengri фестивалінде екінші рет өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Тывалық "Хуун-Хуур-Ту" мен америкалық DJ Carmen Rizzo Алматыда биыл бес жылдығын атап өтетін The Spirit оf Tengri фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тывалық "Хуун-Хуур-Ту" мен америкалық DJ Carmen Rizzo Алматыда биыл бес жылдығын атап өтетін The Spirit оf Tengri фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хуун-Хуур-Ту" тобының әндерін бүкіл әлем біледі. Музыканттар тываның дәстүрлі әндерін орындайды. Олар әдетте көмеймен ән айтады. Орындаушы бір уақытта бірнеше нотаны алып, көп дауысты солоға айналдыра алады.

25 жылдық мансабында музыканттар Stevie Wonder, Frank Zappa, Mickey Heart and Bob Weir (Greatful Dead), Shankar, Kronos Quartet сияқты танымал әншілермен бірігіп әндер жазып, өнер көрсеткен. 

"Хуун-Хуур-Ту" тобы АҚШ-та танымал диджей Carmen Rizzo-мен бірнеше жыл бұрын жұмыс істей бастаған. 2009 жылы музыканттар бірігіп Eternal альбомын шығарып, АҚШ қалаларын аралаған. Айта кетейік, Carmen Rizzo "Грэмми" жүлдесінде екі рет номинация жеңіп алған. "Хуун-Хуур-Ту" музыканттарымен біріккен жоба дайындау туралы идеяны да диджей Carmen Rizzo айтқан.

"Расында бұл идея менікі. Бастапқыда әннің дыбысталуы әдеттегідей дәстүрлі болуы керек еді. Бірақ мен оған электрондық музыканың элементтерін қосып, әндердің заманауи дыбысталуын қаладым. Ән бәріне қатты ұнады. Меніңше, біздің осындай әнмен өнер көрсетуіміз үлкен бақыт", - деді Carmen.

Алматыға екінші рет келейін деп отырған музыкант былтыр осы фестивальге қатысқанына қуанғанын айтып өтті. Ол концертке "тамаша" деген баға берді. "Мен осы фестивальдің ұйымдастырылуына және дайындық барысына қатты таңғалдым. Сондай-ақ, маған қаланың әсемдігі мен жалпы Қазақстан қатты ұнады. Биыл мен шоуымыз өткен жылғыға ұқсас болмауы үшін жаңа материал дайындап жатырмын. Би әуені болады, сондықтан барлық келуші билей алады. Қазіргі уақытта мен Калифорниядағы Палм Спрингстемін. Мұнда Coachella фестивалі өтеді", - деді Rizzo.

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети