11 қараша 2018 11:29

Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің Ресейдегі жетістігіне болжам жасады

Видеодан алынған кадр

"НТВ" телеарнасында Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой дуэт орындады. Өнер көрсетіп болғаннан кейін белгілі композитор қазақстандық әншінің Ресейдегі жетістіктеріне болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"НТВ" телеарнасында Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой дуэт орындады. Өнер көрсетіп болғаннан кейін белгілі композитор қазақстандық әншінің Ресейдегі жетістіктеріне болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"НТВ" телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасында қазақстандық әнші "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Әнді оның авторы, ресейлік белгілі композитор, Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой сүйемелдеді.  
 
"Біздің маэстро Игорь Крутоймен "НТВ" телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасындағы алғашқы дуэтіміз", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Премьера нашего первого дуэта с маэстро Игорем Крутым на канале "НТВ" в программе "Центральное телевидение".

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) 10 Ноя 2018 в 6:39 PST

Композитор өнер көрсетіп болғаннан кейін сахнада тұрып "ол (Димаш - Авт.) ресейлік тыңдарманды баурап алады", деп мәлімдеді.

"Бүгінгі күн Димаштың өмірлік тарихына кіреді деп ойлаймын, ол ресейлік тыңдарман қауымды баурап алады", - деді Игорь Крутой.

"Менің тәлімгерімнің осындай екенін ескерсек, маэстро, онда барлығы жақсы болады деп ойлаймын", - деп жауап берді Димаш Құдайберген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram