07 қыркүйек 2017 17:56

I`m a singer Kazakhstan жобасының басталуына екі апта қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы ең айтулы жоба I`m a singer Kazakhstan шоуының дайындығы аяқталып келеді. Байқаудың басталуына екі апта уақыт қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биылғы ең айтулы жоба I`m a singer Kazakhstan шоуының дайындығы аяқталып келеді. Байқаудың басталуына екі апта уақыт қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқаудың шығармашылық тобының құрамына Қытай елінде танымалдыққа ие қазақ әншісі Арай Айдархан қосылды. Ол продюсер Алуа Қонарова және әнші Әлішер Кәрімовпен бірге сарапшы қазылар құрамын толықтырған.

Арайдың атағы осыдан төрт жыл бұрын Қытай елінде өткен Сhinese Idol байқауынан кейін дүркіреп шықты. Ол байқауда үздік бес орындаушының бірі атанды. Белгілі әнші алғашқы табысымен тоқтап қалмай, Rising Star China Is Listening ("Қытай тыңдайды") атты жобаларға қатысып, бағын сынады. Қытайлық музыка сүйер қауым оның өнеріне жоғары баға беріп, жобаның ең үздік бес орындаушысының бірі деп таныды. Қазірде ол - Қытайдағы мемлекеттік телеарналардың, көптеген концерттер мен бағдарламалардың тұрақты қонағы.

Оның үстіне Арай Айдархан продюсерлік кәсіппен шұғылданады, басқа орындаушыларға арнап ән жазады, әндерді әрлеумен айналысады.

"Мен өз шығармаларымда қазақтың ұлттық аспаптарын пайдалануға тырысамын. Олар әуенге жан бітіріп, ерекше реңк береді", - деп қытайлық көрермен алдындағы табысының құпиясымен бөлісті Арай. - I`m a singer жобасы Қазақстанда өтіп, басқа халықтар ұлтымыздың бірегей, қайталанбас, сұлу музыкасына баға береді деген үміттемін.

Бүгінде Арай Айдарханның Қытайдағы табысы өз жемісін беріп, ол тәрбиелеген әншілер ірі халықаралық байқауларда жүлделі орындар иеленіп жүр. Соның жарқын бір үлгісі - Димаш Құдайберген. Қытайда өткен I`m a singer жобасында Арай Димаштың тәлімгері болған.

Айта кетейік, шоудың алғашқы эпизодын 24 қыркүйекте сағат 21:00-де 31 арна эфирінен көруге болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети