14 мамыр 2015 11:52

Интернеттегі ең танымал қазақстандық орындаушылар белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Интернет қолданушыларының арасында танымал қазақстандық музыканттар мен сұранысқа ие музыкалық альбомдардың рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тізім танымал торрент-трекер негізінде жасалды.


Интернет қолданушыларының арасында танымал қазақстандық музыканттар мен сұранысқа ие музыкалық альбомдардың рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тізім танымал торрент-трекер негізінде жасалды.

Қазақстандық тыңдармандардың көбіне рэп жанрындағы музыка тыңдайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл жанр соңғы уақытта жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстандық рэперлер ресейлік танымал лейблдермен жұмыс істеп, түрлі баттлдарда ойнап жүр.

Рейтингте бірінші болып Da Gudda Jazz тобының әншісі Tanir тұр. Ол "Дуэт" альбомын шығарғаннан кейін бірден танымал болды. Айта кетейік, 2012 жылы Tanir ресейлік InDaBattle байқауының жеңімпазы атанды. 

Екінші орынды Da Gudda Jazz тобының тағы бір рэпері Крайм Волшебник алды. Ол СДХХД тобымен бірге үш тректен тұратын "Зимний" мини-альбом жазды.

Рейтингте үшінші орынды "Не для тебя" релизімен хип-хоп әнші Santos алды. Альбом лирикалық әндерден тұрады. Төртінші орын петропавлдық рэпер Shot'у-ге бұйырды. Оның "Под номером 13" атты тректер жинағы бар. Бесінші орында қазақстандық Aldaspan этно-рок тобы тұр. Қазнет қолданушылары электродомбырада ойнайтын топтың "Attila", "Елге қайт", "Төкпе Light", Ұлы көш" және "Жол" альбомдарын белсенді түрде жүктейді.

Алтыншы орынды "Alma-Ata" альбомымен алматылық Vataga Nega Plast тобы алды. "Ontogeny" релизімен Platinum Sky жетінші орында. Сегізінші орында хип-хоп орындаушы 8BIT, тоғызыншы орында Пост Мортем тобының рэпері Fulci тұр. Рейтингте оныншы орынды алматылық Healer of Plague тобы алды. 2015 жылы олардың соңғы үш жылда жазылған әндерінің жинағы шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети