04 қыркүйек 2017 17:19

"Иванушки International" әншісі Ақтөбедегі қонақүйді сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/ryrik/ © instagram.com/ryrik/

"Иванушки International" тобының мүшесі Андрей Григорьев-Апполоновты Ақтөбедегі қонақүйдің дизайны таңдандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


"Иванушки International" тобының мүшесі Андрей Григорьев-Апполоновты Ақтөбедегі қонақүйдің дизайны таңдандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Әнші қонақүйдегі бөлмені қалай зерттегені туралы видео түсіріп, оны Instagram желісіне жүктеген. Видеода әнші алдымен қонақүйдің сәнін тамашалайды, кейін стационарлық телефонның желіге қосылмағанын аңғарады. 

"Суық сусынға тапсырыс берейін деп едім, телефон мың жерде, бірақ, ол істемейді. Мұнда ішкі байланыс жоқ. Сондықтан әкімші маған өзінің қазақы ұялы телефонын берді", - дейді әнші. 

Сонымен қатар, әнші теледидар мен тоңазытқыштың қосылмайтынын және оның қасында оларды токқа қосатын жердің жоғын да байқаған. Ток көзін басқа жерден көрген ол тоңазытқышты сол жерге көтеріп апарған. Дегенмен ол ток көзінің ойықтары тоңазытқыштың токқа қосылатын жерімен сәйкеспеген. 

Ал жатын бөлмедегі диванның қасында токқа қосылған фен әншіні тіптен таңдандырды. 

"Бұл қонақүйдің дизайнындағы мақтанышы - "жататын фен". Ханымдар мен мырзалар, тамашалаңыздар. "Иванушкилермен" гастрольге welcome", - деп аяқтады сөзін Андрей Григорьев-Апполонов. 

 

Всем привет. Меня очень долго не было в Instagram, Fb и Twitter , потому что не было слов, сил и желания. Пять дней назад у моей любимой сестры Юлии было 40 дней, и,пожалуй, я до сих пор остаюсь в полном опустошении. Но время идёт, а жить надо. Поэтому я снова с вами. Должен вам сказать, что единственное, что меня спасало все эти дни,кроме вашей поддержки – это концерты Иванушек. Именно на них я абсолютно забывал о моих трагедиях, которые произошли этим летом. Спасибо всем,кто мне соболезновал и сочувствовал.Жизнь продолжается! Берегите себя и близких! Ну и сразу небольшая видео зарисовка из чудесного города Актюбинск! Чудеса дизайнерской мысли! Улыбайтесь, господа, улыбайтесь! #жизньпродолжается

Публикация от Григорьев-Апполонов Андрей (@ryrik)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети