1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Жан Ахмадиев атышулы "Қазақпыз ғой" бейнебаянының төртінші бөлімін шығарды

  • 4
© Youtube.com/Жан Ахмадиев © Youtube.com/Жан Ахмадиев

Қазақстандық атышулы рэпер Жан Ахмадиев "Қазақпыз ғой" бейнебаянының төртінші бөлімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақпыз ғой-4: Кризис (Ерлан Бектібаевқа арналады)" бөлімінде рэперлер таяуда ғана Тараз орталығында өзін өртеп жіберген 20 жастағы жігіт туралы ашық айтады. Орындаушылардың айтуынша, Ерланның өліміне оны қыспаққа алған полицейлер кінәлі. Сонымен қатар, бейнебаянда бір жыныстылар, хэллоуин, девальвация және дағдарыс туралы айтылады.