03 шілде 2019 12:38

"Жаңа белестерді бағындыру". The Spirit of Eurasia фестиваліне 2 күн қалды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық The Spirit of Eurasia 2019 қазіргі заманғы этникалық музыка фестиваліне екі күн қалды - шоу 5-6 шілде күндері EXPO аумағындағы жазғы сахнада өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Халықаралық The Spirit of Eurasia 2019 қазіргі заманғы этникалық музыка фестиваліне екі күн қалды - шоу 5-6 шілде күндері EXPO аумағындағы жазғы сахнада өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

The Spirit of Eurasia - елордалық көрермендердің сүйікті The Spirit of Astana фестивалінің жалғасы. Шара 17.00-де басталады, кіру тегін. Тамаша концепциясы бар шоу Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, Қазақстандағы жастар жылы аясында өтеді. 

"The Spirit of Eurasia 2019 фестивалінің басты мақсаты - еуразиялық музыка мәдениетін әлемге паш ету. Біз мақсатымызды жыл сайын әлемдік музыка бизнесі өкілдерімен кездескенде айтып жатырмыз. Еуразиялық музыкалық контент шетелдерде кеңінен танылуы тиіс. Өйткені оның зор әлеуеті бар. Егер де біз жаңа музыкалық трендті әлемдік нарыққа шығарсақ, онда мақсатымызға жеттік деп санауға болады", - деді Alash Media Group медиахолдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев. 

Батыр Қазыбаевтың айтуынша, Еуразия әлемдік мәдениеттің бесігі, себебі мұнда адамзат өркениетінің дамуына ықпал еткен жағдайлар болған. Сондықтан бірінші кезекте фестивальге топтар Еуразия кеңістігінен шақыртылады. Олардың мақсаты - көрермендерге еуразиялық мәдениеттің құндылығын көрсететін жанды дауыспен өнер көрсету. Сонымен қатар, фестивальге әлемнің әр шетінен әншілер шақырылады. Сөйтіп, олар өз өнерлерімен қатар басқалардың да шығармашылығын көруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. 

"The Spirit of Eurasia фестивалі - елордада екі жыл қатарынан өткен The Spirit of Astana фестивалінің жалғасы. Біз жаңа белестерді бағындыру үшін фестиваль атауын The Spirit of Eurasia деп өзгерттік. Сондай-ақ биыл біз EXPO-дағы жазғы алаңға көштік. Мен EXPO-ға және Нұр-Сұлтан әкімдігіне фестивальді өткізу үшін қолдау көрсеткеніне алғыс білдіргім келеді. Бұл елордамыз үшін айтулы шара. Біз шоуға барлық қазақстандықты және Нұр-Сұлтан тұрғындарын шақырамыз. Шоуға кіру әдеттегідей тегін. Музыкасымен қуантатын нағыз кәсіпқой мамандардың өнерін тамашалай аласыздар", - деді Батыр Қазыбаев. 

The Spirit of Eurasia екікүндік музыкалық шоуы - 2012 жылы Tengri FM радиостанциясы құрған The Spirit of Tengri халықаралық жобасынан шыққан фестиваль. Бұл мультимәдени жобаның мақсаты - Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасын Қазақстан жеріндегі заманауи EthnoWorld-музыканың ең танымал өкілдерін біріктіре отырып таныстыру. The Spirit of Eurasia фестивалі 5 және 6 шілдеде EXPO аумағында жазғы сахнада өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети