23 қазан 2015 12:27

Жанар Доғалова Леонардо Ди Каприомен бірге фильмге түскісі келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанар Доғалова. © bolashak.kz Жанар Доғалова. © bolashak.kz

Қазақстандық әнші Жанар Доғалова атақты актер Леонардо Ди Каприомен бірге фильмге түскісі келетінін айтты. Бұл туралы әнші Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.


Қазақстандық әнші Жанар Доғалова атақты актер Леонардо Ди Каприомен бірге фильмге түскісі келетінін айтты. Бұл туралы әнші Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Тілшінің "Көкейіңізде жүрген алып арманыңыз бар ма?" деген сұрағына орындаушы "Иә, бар. Леонардо Ди Каприомен бірге бір фильмге түскім келеді" деп жауап қатқан. Сонымен қатар, ол киноға түсуге бір-екі жерге шақырту келгенін, соған байланысты ойланып жүргенін айтып берді.

Доғалова қазіргі таңда шығармашылықпен продюсерсіз айналысып жүргенін хабарлады. "Ол кісімен әлі де алда талай жұмыс жасаймын. Композитор ретінде Shine production жобаларына ән жазуым мүмкін. Және өзге ұсыныстар түсіп, шақырып жатса, қуана-қуана барамын. Дәл қазір продюсерім жоқ, барлығымен өзім айналысып жүрмін", - деді ол. 

Мұнымен қатар, әнші "Айта берсін" атты әніне бейнебаянның түсіріліп жатқанын хабарлады. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети