08 шілде 2014 16:43

Жас скрипкашы Президентке хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Тұрынтаев. Фото жеке мұрағатынан алынды Руслан Тұрынтаев. Фото жеке мұрағатынан алынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінің оқушысы Руслан Тұрынтаевтан хат келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінің оқушысы Руслан Тұрынтаевтан хат келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

9-сынып оқушысы Руслан Тұрынтаев өз хатында Мемлекет басшысына ел азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған күш-жігері мен адамдарға деген қамқорлығы үшін алғысын жеткізген. Ол Мәскеуде өткен жасөспірімдердің П.И.Чайковский атындағы VIII халықаралық конкурсында бірінші орын алып, лауреат атағын иеленгенін баяндады.

"Әсемдіктің шыңына шығу қиын, бірақ сіз қазақстандықтар бақытты, мәнді де сәнді өмір сүруі үшін барлығын жасап келесіз. Өзімнің жетістігімді сіздің туған күніңізге арнаймын. Бұл - сондай-ақ, қала күніне де тартуым", – делінген хатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жас скрипкашы Руслан Тұрынтаевтың П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқаудың бірінші жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. "Скрипка" номинациясы бойынша алғашқы сыйлықты жас талантқа КСРО халық әртісі Эдуард Грач табыс етті. Екінші сыйлықты Роман Решеткин (Ресей) мен Су Бин Ли (Оңтүстік Корея) иеленсе, үшінші жүлде Наина Кобзарева (Ресей) мен Юмин Соға (Оңтүстік Корея) берілді. Ал төртінші сыйлыққа қытайлық жас музыкант Вей Жан ие болды. 

П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер конкурсы - ірі кәсіби өнер сайысы. Ол "Скрипка", "Виолончель" және "Фортепиано" номинациялары бойынша өтеді. 15 жастағы Руслан Тұрынтаев Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінде төрт жылдан бері білім алып жатыр. Ол жеті жасында Астанадағы ұлттық музыка академиясына оқуға түскен. Руслан - бірнеше ірі халықаралық музыкалық байқаудың лауреаты. Үш жыл бұрын белгілі скрипкашы Владимир Спиваков оған француз музыканты Эмиль Буланженің аспабын сыйға тартып, дарынды баланы өз қамқорлығына алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети