20 сәуір 2018 08:51

Жаздың басты фестивалі. The Spirit of Tengri қашан өтетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ жерінде туған әрі ұлттық масштабта мәдени брендке айналыған The Spirit of Tengri халықаралық VI заманауи этникалық музыка фестивалі қашан өтетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақ жерінде туған әрі ұлттық масштабта мәдени брендке айналыған The Spirit of Tengri халықаралық VI заманауи этникалық музыка фестивалі қашан өтетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ашық аспан астында өтетін концерттер жаздың бірінші демалысында - 2, 3 маусымда өтеді. Өтетін орны - Алматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаң (дәстүр бойынша қаланың басты open-air алаңы). 17:00-де басталады. Кіру тегін. 

Фестиваль Алматы қаласын әкімдігіменқолдауымен өткізіледі. Іс-шараның бас серіктесі "Magnum Cash&Carry" компаниясы.

Алматы тұрғындары мен қонақтары жаздың бірінші демалысында тамаша әлемнің әр түрлі елдерінен келген ethnoworld-ұжымдарының өнерін тамашалайды: Қазақстанға Франция, Израиль, Испания, Австралия, Нигер Республикасы, Буркино-Фасо, Өзбекстан және басқа да елдерден қонақтар келеді. Speed Caravan африкалықарабиялық ұжымы, израильдік Q2A тобы, өзбекстандық Abbos жобасы фестивальге қатысатындарын растады. Сонымен қатар, The Spirit of Tengri сахнасына қайтадан бурятиялық қасқырлар Shono тобы мен башқұрлық "Аргымак" этно-рокерлері шығады. 

Ұйымдастырушылар фестивальдің ғаламат әрі жарқын кеш болатын, сондай-ақ отбасылық атмосферада өтетінін айтады. Концертті тамашалауға келген қонақтар көрме мен этникалық мастерлер қалашығынан киім-кешек, музыкалық аспаптар мен қолдан жасалған базарлық сатып ала алады. Мерекеге сый ретінде The Spirit of Tengri 2017 жылғы ең үздік орындаулар мен видеонұсқасы бастырылған DVD-басылымның таныстырылымы өтеді. 

"Қазір жоба орындаушыларының географиясы айтарлықтай кеңейді: бізді әлемнің барлық елінде біледі. Сол себепті 2018 жылы іріктеу шаралары фестиваль бастау алған кезге қарағанда әлдеқайда күрделі түрде өтіп жатыр. Бізге ұсыныстар түсіп жатыр, біз мынадай талаптарға қарап таңдап жатырмыз: қазақстандық көрерменге әртістің өнері қызық па? Бұл басты талап", - деді The Spirit of Tengri бас продюсері Жан Қастеев. 

"The Spirit of Tengri - бұл әлемдегі ең сапалы әрі маңызды жобалардың бірі. Мұны қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары үшін Қазақстанда жасап жатқанымызға мақтанамыз! Бізге тапсырылған межені дамытып, қолдап жатқанымызға (...) жобаның бастау алған күннен бастап Ұлы дала халқының мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалу үшін жұмыс жасап жатқанымызға мақтанамыз", - деді фестивальдің бас режиссері Сергей Майборода.

Фестиваль Tez Tour Kazakhstan туроператорының қолдауымен өтеді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақүйі күтеді. KZ Sound компаниясы фестивальге техникалық қолдау көрсетеді.

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақтар мен көрермендер қамтылды. Оның сахнасына 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске салайық, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети